Kyzylorda-news.kz. Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мәртебесі» атты салтанатты шара өтті.

«Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 30 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. Іргесі берік Тәуелсіз Қазақстанның көркеюі жолында атқарған еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер» – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов.

Бектас Балғабайұлы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Шара Сыр елінің белгілі өнерпаздарының мерекелік концертіне және патриоттық сезімге толы кешке ұласты.

Тағы да оқыңыз: