Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында мемлекеттің Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев сала ардагерлерін және ұжым мүшелерін 16 желтоқсан - ел Тәуелсіздігіне 31 жыл толу мерекесімен құттықтады.
Одан соң Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұсаев қызметкерлерді ел мерекесімен құттықтады. Сонымен бірге іс-шараға қатысушыларға елдің тәуелсіздік алу жолы жөнінде тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Қызметте үздік шыққан қызметкерлерге арнайы әскери атақтары табысталды. Ведомствалық наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда азаматтық қорғау полковнигі кезекті арнаулы атағы Асхат Оразбековке, азаматтық қорғау лейтенанты арнайы әскери атағы Мақсат Досмағамбетке, Абзал Жүніске, Ержан Жүргенұлына, Алмат Икматқа берілді.
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Нұрхан Медеуов, Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен Жаңақорған ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Шынболат Шамбилов, Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Дархан Досмағанбет марапатталды.


