Kyzylorda-news.kz 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай елордада мерекелік отшашу болмайды. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады.

– Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды – деп жауап берді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева агенттік тілшісіне.

Астанада Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралардың уақыты мен орны туралы мына сілтемеге өтіп танысуға болады.

Еске сала кетсек, Республика күніне орай, Астанада демеушілердің қолдауымен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: