Kyzylorda-news.kz. Қазақ тіл білімінің ақтаңгері, ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келген Қазақстан халқы тілдері мерекесі жыл сайын дәстүрлі тойланып келеді. 5 қыркүйек ұлттың ұлы мерекесіне айналды. Осы орайда Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлері арасында сайыс ұйымдастырылды.

Мекемдегі өзге ұлт өкілдерінің тіл меңгеру деңгейін байқау мақсатында «Тіл – адам жанының тілмашы» тақырыбында тіл сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа өзге ұлт өкілдерінен Борис Угай, Виталий Соболев, Ризван Домбаев, Владимир Федорук қатысты.

    Сайысқа қазылық ету үшін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда облысы тілдерді оқыту  орталығының мамандары қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.

««Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек»-деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың кемел ойын әр адам қаперінде ұстасақ, тіліміздің тұғыры берік болмақ. Ұлты үшін ұрандатқан ел мақтаныштарын ұлықтау біздің парызымыз», – дейді тәртіп сақшылары.

Тағы да оқыңыз: