Kyzylorda-news.kz. Ювеналды полиция қызметкерлері бір аптада рейдтік жұмыстары аясында 78 әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім қызметкерлерімен күн сайын жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Мәселен, бір апталық рейдттік шаралар жүргізіліп, полицияға 65 жасөспірім жеткізілді. 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
- кәмелетке толмағандардың түн тыныштығын бұзудың 3 дерегі анықталды;
- кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 65 ата-ана;
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 12 жасөспірім орналастырылды.
«Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы-заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Айдос Прежекенов.