Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. 

Жиынға жауапты сала басшылары, балабақша құрылтайшылары мен меңгерушілері қатысты.

Ауданда жалпы 38 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны - 10. Қазіргі таңда бұл ұйымдарда 2581 бала тәрбиеленуде.

Кездесу барысында ата-ана төлемақысының заңмен бекітілген мөлшерден асырылмауы қатаң ескертілді. Сонымен қатар, балаларды тасымалдау қызметінің қауіпсіздігіне баса назар аударылып, бұл бағыттағы талаптардың толық орындалуы қажеттігі айтылды.

Мониторинг қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оларды дер кезінде ретке келтіру міндеттелді.

Балалардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуы – басты назарда.

Тағы да оқыңыз: