Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаментінде ардагерлер мен жеке құрамның қатысуымен тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті. Кеңес барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас полиция қызметкерлеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, қызметтік тәртіпті нығайту және моральдық-этикалық нормалардың сақталуына ықпал ету. Кеңес мүшелері – ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері жас мамандарға тәжірибелік көмек көрсетіп, құқық қорғау қызметінің маңызын түсіндірді.

Кеңес отырысына Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы төрағалық етті. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы «Заң мен тәртіп», «Адал полицей» қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.

Жас қызметкерлерді қызметке бейімдеу, оларды кәсіби және моральдық-этикалық тұрғыда қалыптастыру мақсатында ардагерлер қатарынан құрылған Тәлімгерлер кеңесі жыл бойы жаңадан қабылданған қызметкерлерге практикалық көмек көрсетті. Кеңес мүшелері қызметтік тәртіпті, заңдылық пен қызметтік әдепті сақтауға, кәсіби дағдыларды дамытуға, жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұжымдағы сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

Тағы да оқыңыз: