Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ең бастысы азаматтардың әл-ауқаты мен олардың әлеуметтік әл-ауқаты әрқашан мемлекеттің назарында болуы тиіс.
Осы орайда «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау орындары халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтан, азаматтардың жұмысқа орналасуға қатысты проблемалық мәселелерінің шешілуіне мүмкіндіктер жасау және жұмыссыздық жағдайларына оңтайлы әсер ету мақсатында «Табысқа апарар жол. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» партиялық жобасы басталады.
Жобаның мақсаты азаматтарға жұмысқа орналасуда көмек көрсету және кеңес беру.
Осыған орай бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен Еңбек Мобильділігі Орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі меморандумға қол қойды.
Аталған жоба облыстағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және басқа да ұйымдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Жаңа жобадан партияның имиджін және оған деген халықтың сенімін нығайту, партиялық тұғырнама аясында азаматтардың мәселелерін шешу, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыссыз халықты қайта даярлау секілді оң нәтижелер күтілуде.
Меморандумға отыру арқылы бірлескен іс-қимыл жасайтын құрылымдар жұмысында табыс, зор жетістіктер болады деп сенеміз.