Kyzylorda-news.kz.  Заңның мақсаты – кәсіпкерлік қызмет сипаты бар мобильді аударымдарды қадағалау және оған салық салу. 
Бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) мобильді аударымдар арқылы алады.

Сонымен қатар, аударымдар көбінесе чектер берілмей қабылданады.

Осыған сәйкес, 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады.

Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, я болмаса 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, бұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді.

Банктерден ақпараттың келіп түсуі кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

1. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап- мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары (2022 жылдың қорытындысы бойынша).
2. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап- мемлекеттік мекеме қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субектілері және олардың жұбайлары (2023 жылдың қорытындысы бойынша)
3. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап- жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың жетекшілері және олардың жұбайлары (2024 жылдың қорытындысы бойынша) 
4. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап- халықтың қалған бөлігі (2025 жылдың қорытындысымен)

Бүгінгі таңда ақпарат тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды.

2024 жылдың 1 қаңтарына өңіріміз бойынша 62 601 дара кәсіпкер тіркелген. Заңды тұлға 11785.

Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. 

Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады. Мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды.

Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады. Осыған байланысты кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынамыз. Бақылау шараларына келетін болсақ, бірінші кезеңде екі бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізіледі (талдау келесі жылы жоспар бойынша жүргізіледі):

     1) қызметті салық органдарында тіркеу;

     2) кірістерді төмендету.

     Жалпы, камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты бар хабарламалар жіберілетін болады.

 Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декларацияға кіріс сомаларын көрсете отырып  қосымша декларация тапсыруы керек (бұзушылық түріне байланысты).

Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспесе, ол растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге құқылы.

Хабарламаны орындамаған кезде салықтық тексеру тағайындалады, оның барысында банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың болуы/болмауы туралы іс жүзінде шешім шығарылады.

ЖК тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%). Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін. Жоғарыда айтылғандай, бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: