Kyzylorda-news.kz.  Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына өзгертулер енгізілді.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен және Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бірлескен бұйрығымен «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-нің 2023 жылға өзгерістерді ескере отырып инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Бұл ретте, су құбыры желілерін күрделі жөндеу жұмыстары көзделген және ол желілердің тозуын 4 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

 

Тағы да оқыңыз: