Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тұтынушыларға келтірілген залалды қайтару сомасы 680,12 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті хабарлады.
Табиғи монополия субъектілердің реттелетін қызметтерін тұтынушылардың заңды мүдделеріне және құқықтарына шек қоюға жол бермеу мақсатында жүзеге асырылатын табиғи монополия саласындағы мемлекеттік бақылаудың бір түрі табиғи монополия субъектілерімен бекітілген тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалуына бақылау жүргізу болып табылады.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектілері бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есептерді жыл сайын ұсынуға міндетті.
Осылайша, биылғы жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 33 табиғи монополия субъектілері 53 тарифтік сметаның орындалуы туралы және 5 бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша есептерін ұсынды. Субъектілермен ұсынылған тарифтік сметалардың және инвестициялық міндетемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында Департаментпен тарифтік сметалардың шығын баптарының игерілмеуі, амортизациялық аударымдар сомасын мақсатқа сай пайдаланбау, электрэнергия, ЖЖМ, шикізат, материалдар нормалары мен нормативтерінің сақталмау фактілері анықталды.
Тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдаудың нәтижесінде департаментпен 17 табиғи монополия субъектілеріне қолданыстағы тарифтерін 0,2 пайыздан 89,0 пайызға дейін төмендетумен 28 уақытша өтемдік тарифтер енгізілді. Ондағы тұтынушыларға келтірілген залалды қайтару сомасы 680,12 млн. теңгені құрады. Оның ішінде реттелетін салаларды атап өтсек, электр және жылу энергетикасы – 0,77 млн. теңге, кірме жолдар – 12,82 млн. теңге, сумен жабдықтау және суды бұру – 666,53 млн. теңгені құрайды.
Сонымен бірге, ТМС қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар субъектілері тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдындаҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және«Табиғи монополиялар туралы» Заңның 25-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдердежария тыңдаулар нысанындаесептері жүргізіледі. Бұл ретте, бұл талаптар қуаты аз субъектілерге және жаңадан құрылған субъектілерге қолданылмайды.
Осылайша, департамент бір жыл ішінде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бару немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген 10 есепке қатысты.

