Kyzylorda-news.kz. Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Сыр жұртшылығын табиғатты өрттен сақтауға шақырады.

Табиғат байлығының бірі орман екені барлығымызға белгілі. Олардың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы өте зор. Айта кетсек, олар су режимін бірқалыпты ұстап, топырақты түрлі эрозиялардан сақтап қана қоймай, ауаны улы газдардан тазартып, оттегі бөліп отырады. Табиғат тепе-теңдігін сақтап тұрушының негізгі себепшісі ол - орман. Алайда орман қорындағы әртүрлі өсімдіктер мен жануарларға үлкен залал тигізетін қатердің бірі өрт болып табылады. Өрттің негізгі себептеріне тоқталсақ, олардың табиғи факторлар есебінен орын алатыны өз алдына, адамзат тарапынан себепші болуы басты мәселе болып қала береді.

Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, орман, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Өрт қауіпті кезеңінде орман және дала өрттерінің өсуі көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылығы жерлерін қажет емес өсімдіктерді немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында орын алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін және қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті бақылау жүргізілмеуінен, минералданған жолақтарының болмауынан, жақын орналасқан орман алқаптарына жалын тарап, артынша түзелмейтін шығынға әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, орман қоры аумағында орын алған өрттердің негізгі себептері тұрғындардың және жеке шаруақожалық иелерінің өз жерлерін абаттандыру, жерді ашу үшін қураған шөптерді және қоқыстарды өртеу кезінде желдің әсерінен орман қоры аумағына шоқ ұшқындарының ұшуынан өртке ұластынын да естен шығармау керек.

Облыс тұрғындарынан төменде көрсетілген ережелерді сақтауды сұраймыз:

- шабындық, егістік, орман алқаптарында қураған шөптерді, қоқыстарды өртеуге және бақылаусыз қалдырмауға жол бермеуді;

- ауа-райы құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде алау жақпауды; 

- демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетуді. Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмауды;

- егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарлауды.

Орман, тоғайлы, далалық алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен мобильдік топтар мен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертеміз. Қазіргі таңда мобильдік топтармен орман, тоғайлы, далалық және егістік алқаптарда рейдтік шаралар жүргізілуде.

Өрт – тілсіз жау. Орман, тоғайлы, далалық алқаптарда өрт оқиғаларын болдырмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпайық.

Тағы да оқыңыз: