Гүлшара Әбдіқалықова шыны зауытының құрылыс жұмыстары тікелей бақылауында болатынын айтты – Kyzylorda News
Басты бет

Гүлшара Әбдіқалықова шыны зауытының құрылыс жұмыстары тікелей бақылауында болатынын айтты

29.04.2021, 17:40

409 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Табақ шыны өндіру және өңдеу» зауытына барып, құрылыс жұмыстарын тексерді.

Жобаның жетекшісі «Orda Glass Ltd» ЖШС. Зауыт құрылысы 80,23% аяқталған. Қалған негізгі жұмыстар – жоғары білікті инженерлерді тартуды қажет ететін балқыту ваннасы мен пештің жабдықтарын орнату. Алайда, бұл жабдықтарды орнататын мамандар елімізде болмау себебінен, шетелден шақырту қажет. Аталған жұмыстарды аяқтау үшін техникалық ерекшеліктер 4 айды және +10°C-тан жоғары жылы режим жағдайларын қажет етеді.

Облыс әкімдігі сыртқы инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша жұмыстарды орындады. Атап айтсақ, газ құбырының екі тармағы және сумен жабдықтау, электр желісі, автожол және байланыс жұмыстарын жүргізді. Темір жол тұйығының құрылысы жуырда аяқталады деп жоспарлануда.

Одан кейін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен «Табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын салу» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңеске қатысты.

Жиында облыс әкімі жоғарыдағы атқарылған жұмыстарды тізбектеді.Сондай-ақ, селекторлық жиында «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, министр Бейбіт Атамқұловтан ағымдағы жылы зауытты уақтылы іске қосу үшін ҚР СІМ арқылы қажетті жабдықтарды республика аумағына әкелуге рұқсат алуға жәрдем көрсетуді сұрады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қолдау жұмыстары қарастырылатынын айтты.

Селекторлық отырыс соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова шыны зауытының құрылыс жұмыстары тікелей бақылауында болатынын атап өтті.

0

Пікір қалдыру