Kyzylorda-news.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты департамент басшысының орынбасары М. Бибітова сыртқы талдау жүргізетін жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың мүшелері енгізілген.
Талдау барысында мемлекеттік орган қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін факторлар зерделеніп, оларды жою және алдын алу бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді.
Сыртқы талдау нәтижелері мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталатын болады.
