Kyzylorda-news.kz.  Жастарды еңбекке баулып, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануда «Жасыл ел» еңбек жасағының маңызы зор екені мәлім. Бұл ретте аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы «Жасыл ел» жасағы жұмыс жасауда. Жастарды жұқмыспен қамти отырып, еңбекке баулуға аталған жобаның септігі зор. Жасақ жұмысына бақылау жасайтын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов өз ойын ортаға салды. 

– Бұл жасақ биылғы жылы да өз жұмысын жалғастырып келеді. Қазіргі уақытқа дейін 153 жас маусым, шілде айында жұмысқа қабылданып, аудан орталығын көркейту, көгалдандыру және тазалау жұмыстарына қатысуда. Негізгі жоспар тамыз айын қосқанда 200 жасты уақытша жұмыспен қамту болып табылады. Бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көшелерді, орталық алаң мен Парасат және Тағзым алаңдарын тазалап қана қоймай, ойын алаңдарының ауласында тазалап, қураған ағаштарды кесіп, тасжол жиектерін әктеу секілді игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетуде. Ауданымызда құрылған "Жасыл ел" еңбек жасағының жұмыстарына сәттілік тілейміз, – деді орталық басшысы.

Өз кезегінде «Жасыл ел» жасағы қыркүйек айына деген жалғасын табатын болады. Негізінен, аудандық жастары Тереңөзек кентінің орталығын абаттандыруға зор үлес қосуда.

 

 

 

 

Тағы да оқыңыз: