Kyzylorda-news.kz.  Ұлттық рәміздер – мемлекеттіңегемендік пен біртұтастығын, Тәуелсіздігінбілдіретінбастыбелгілердіңбірі. Жайдары жаздың алғашқы күндерімен қатар еліміз ұлттық рәміздер күні мерекесін атап өтеді. Мереке қарсаңында түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, елдіктің асқақ рухына айналған ұлттық рәміздерді насихаттап, жас ұрпақ бойында патриоттық сезімдерді оята түседі.

Осындай мерекелік іс шаралар жоспарына сәйкес аудан орталығындағы «Серікбол» сауда үйінде патриоттық іс шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынды аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған іс шара «Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбын арқау етті.

Мерекеге орай аудан орталығында үлкен сұранысқа ие сауда үйінде көк байрағымыз көкке көтерілді. Қазақстан Республикасының Гимнін сауда жасап жүрген аудан тұрғындарыасқан патриоттықпен орындады. Содан кейін патриоттық іс-шара барысында сауда үйінің тұтынушыларына Рәміздерге қатысты сауалдар қойылды. Сұрақтарға тұшымды әрі дұрыс жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. 

Мұнан соң патриоттық әндер орындалып, аудан жастары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осылайша аудан тұрғындары мерекелік көңіл күйді барынша сезіне алды.
 

Тағы да оқыңыз: