Kyzylorda-news.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов ауылдық клубы үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындарға ҚР Мемлекеттік қызмет істеру агенттігінің қызмет бағыттары таныстырылып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі ережелері мен жаңашылдықтары түсіндірілді. Сондай-ақ «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарының мәні, қоғамдағы адалдық, жауапкершілік пен заң талаптарын сақтаудың маңызына назар аударылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңында көрсетілген жастарды ерте кәсіптік бағдарлау тетігі, мемлекеттік қызметке келешек ұрпақты оқу орындарынан бастап бағыттау және жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант немесе ақылы негізде бітіріп, GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары нәтижеге қол жеткізген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында тұрғындар мемлекеттік қызметке орналасу, заңнамадағы өзгерістер және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

