Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы негізінен  күріш егумен қатар,  бақшалық өнімдерді жерге орналыстыруға қолайлы саналады. Ауыл шаруашылығы саласы өркендеген жағдайда елдің әлеуеті арта түсетіні жасырын емес. Өз кезегінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев Жетікөл және Шіркейлі ауылында жүзеге асырылып жатқан егін егу жұмыстарына қатысты пікір білдірді. 

– Аймақ басшысының қолдауымен аяқ су мәселесін шешу бағытында облыстық бюджеттен бөлінген су насостары бүгінгі таңда өз нәтижесін көрсетуде. Бұл ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтылуына септігін тигізуде. Бүгінгі күнге дейін ауданға барлығы 34 дана су насос қондырғысы алынып, картоп, көкөніс, бақша өнімдерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылуда. Биыл аудан тұрғындарын өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 359 гектар жер дайындалып, 1105 сырдариялық егін егуде. Сонымен қатар ауданда суды тиімді пайдалану жұмыстары да тұрақты бақылауда. Бұл мақсатта Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіне қарасты «Жетікөл-Жер» ЖШС өз қаражат есебінен 40 млн теңгеге жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алып, осы әдіспен 100 гектар жерге күнбағыс дақылын екті. Тиімді әдісті пайдаланған Шіркейлі ауылдық округіне қарасты «Мәді Қажы» ЖШС де тамшылатып суарумен 2,5 гектар жерге картоп дақылын орналастырды, – деді аудан әкімі.

Қазіргі уақытта Жетікөл ауылында Украина елінен келген ауыл шаруашылығы саласының мамандары жаңа технологияның көмегімен егін егуде. Жалпы, білікті мамандар бірнеше мәрте жергілікті шаруаларға семинар-кеңес өткізді. Сырдария ауданың климатын зерделеп, бақшалық өнімдердің шығымдылығын есептеді. Бұл ретте, жергілікті тұрғындар күз мезгілінде мол өнім алуға үмітті.

 

 

 

 

Тағы да оқыңыз: