Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығын түсіндіру және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Қазақстан Республикасы Заңының өзекті мәселелері туралы» тақырыбында Әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев баяндама жасап, қабылданған жаңа бұйрықтың және заңның талаптарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жұмыс барысында қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу үшін сала мамандарына тиісті іс-шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды.
– Кез келген маманға өзінің саласына қатысты жауапкершілік жүктелетіні жасырын емес. Бүгінде мемлекеттік қызметкер мен сала мамандарына жергілікті халық сенім артатыны сөзсіз. Бұл ретте, «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығын түсіндіру барысында біздің мамандарымыз ескеретін бірқатар мәселелер бар. Сондықтан бүгінгі құқықтық оқудың әрібіріміз үшін маңыздылығы зор. Сонымен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Қазақстан Республикасы Заңында қамтылған өзекті дүниелер назарымыздан тыс қалмауы тиіс, – деді аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернар Зұлқарнаев.
