Kyzylorda-news.kz. Жақында Сырдария ауданында жергілікті кәсіпкер игілікті іске себепкер болды. Анығын айтқанда, «Абай-Дәулет» ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаев үкіметтік емес ұйым мүшелері орналасқан аудандық «Достық» үйін күрделі жөндеу өткізіп берді. Белгілі меценат өз қаражаты есебінен арнайы мекенің қас бетін жаңалап, бөлмелерді қайта жөндеуге септігін тигізді. Аталған игілікті бастама аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың ұсынысы негізінде жасалған болатын. Себебі, жергілікті кәсіпкер Тереңөзек кентіне сапары барысында ардагерлердің өтінішін жерге тастамады. 

Негізінен, «Достық» үйінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 филиалы, аудандық және Тереңөзек кентінің ардагерлер кеңесі, Халықаралық «Қа¬зақ тілі қоғамы» қо¬ғамдық бірлестігінің аудандық филиалы, «Сырдария» қоғамдық қоры, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестегі, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры, Ауған соғысы ардагерлер ұйымы секілді үкіметтік емес ұйым мүшелері орналасқн. Өз кезегінде аудан ардагерлері ақсүйектер ойыны саналатын бильярдтан жарыс ұйымдастырып тұрады. 

– Расында, аудан басшысы мен ардагерлер өз өтініштерін жеткізген болатын. Жүйелі жұмыс пен нәтижелі табыстың арқасында ел-халықтың алғысына бөленіп жүрген жайымыз бар. Негізінен, біз Басарық ауылын гүлдентеуге барымсызды салып келеміз. Оның ішінде, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың жағдайын жақсартуға күш саламыз. Жалпы, ардагерлерді ардақтау арқылы оларға ерекше құрмет көрсетуіміз керек. Сондықтан арнайы сала мамандарын тартып, «Достық» үйін жөндеуден өткізуге атсалысып жатырмыз. Бұл ретте, ардагерлердің басы қосылып жиналатын орны жинақы, талапқа сай болғаны дұрыс. Біз әрқашан ардагерлерді демеп, оларға барынша қолдау көрсетуге мүдделеміз, – деді жеке кәсіпкер. 
 

Тағы да оқыңыз: