Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Сырдария аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен сырдариялық этнос өкілдері киелі мекен Түркістан қаласына барып, тарихи орындарда саяхаттап қайтты.

Саяхаттың негізгі мақсаты – мызғымас тәуелсіз еліміздің көрікті жерлерін аралау, бірлігі жарасқан еліміздегі тарихи орындармен танысу, ынтымақ пен бірлікті насихаттау.
Ауданның этнос өкілдері саяхат барысында Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде болып, қазақ тарихы мен хандары, билер мен батырлары туралы мәліметтер алды.

Жалпы Сырдария ауданында орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, беларус, сынды 11 түрлі ұлттан барлығы 453 адам тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді. Ауданда этносаралық қатынастарды үйлестіріп, ұлттардың тілі мен дәстүрін ұлықтауды мақсат еткен арнайы бірлестіктер жұмысы жолға қойылған.

Аудан орталығында этнос өкілдерінің басын қосқан «Достық үйі» қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында өзге этнос өкілдерінің үлес сал­ма­ғы жалпы алғанда 4 пайызды құ­райды. Қазіргі таңда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік жұмыс атқа­ра­ды. Оларды атап айтсақ, Қызыл­орда облысының Корейлер қауым­дас­тығы, «Славяне», «Вайнах» чешен, «Lev Ami» еврей, «Понтийцы» грек, «Viedegeburt» неміс, татар, өзбек, түрік, қырғыз этномәдени бір­лес­тіктері және «Русская община» қоғам­дық бірлестігі жұмыс істеп жатыр.

Этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері, ұлттық мерекелері, «Наурыз», «Құрбан айт», «Рождество», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах», «Масленица», Пасха мере­келері кеңінен атап өтіліп келеді. Мұның өзі облыстағы барлық этнос­тардың ауызбіршілікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына үлкен ықпал етеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті жерлердегі қызметін жандандыру мен қоғамдық келісім идея­сын орнықтыру мақсатында Қызыл­орда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім орталығы» комму­нал­дық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

Бүгінде облыстық Ассамблеяның бастамасымен оқушы­ларды қазақ халқының және Қазақ­станда тұратын барлық этностардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетін түсінуге, ұлттық құн­дылықтарға ұқыпты қарауға үйрету жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Тағы да оқыңыз: