Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Аманкелді ауылындағы «АКЗ ЛТД» серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, «АКЗ ЛТД» серіктестігінің директоры Руслан Каскиев, аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы және серіктестік қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен партиялық жобалардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар еңбек ұжымы өкілдерімен пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Кездесу аясында серіктестік қызметкерлерінің бастамасымен «АКЗ ЛТД» серіктестігі жанынан жаңа бастауыш партия ұйымы құрылды. Облыстық филиал төрағасы бастауыш партия ұйымдарының партия мен халық арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып, жаңа ұйымның жұмысына сәттілік тіледі. Жиын барысында бірқатар азаматқа партиялық билет пен Алғыс хат табысталды.

Тағы да оқыңыз: