Kyzylorda-news.kz.  Сырдария аудандық ауруханасында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Мен өмірдің гүлімін!» атты іс-шара өткізілгнен болатын. Іс-шараға денсаулық сақтау саласы мамандарының балалары қатысты. 
Іс-шара барысында бас дәрігер Жалғасбек Үсенов сөз сөйлеп, балаларды мерекемен құттықтады.

– Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін. Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін, - деді бас дәрігер. 

Аталған іс-шарада арнайы шақырылған аниматорлар қойылымдар мен ойындар ұйымдастырды. Қызықты ойындарға балғын балақайлар белсене атсалысты. 
Ел ертеңі мен үміті –  балаларымыздың бейбіт күнде ұйқысы тыныш, күлкісі шат, болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деп тілейміз!

 

Тағы да оқыңыз: