Kyzylorda-news.kz «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының жетекшісі Ержан Әжікенов бастаған коалиция мүшелері Алмас Есназар, Ақтөре Ибрагимұлы, Жанна Сәркеева, Салтанат Қуандықова аудан ардагерлерімен кездесіп, Ата заң жобасындағы өзгерістерді таныстырды. 

Коалиция жетекшісі Ержан Әжікенов жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. 

– Бүгінде жаңа Ата Заң жобасы халыққа ұсынылды. Бұрын адам құқықтары мен бостандықтары қорғалуы тиіс деп жазылған болса, қазір «Мүлтіксіз» қорғалуы тиіс деп, осы арқылы Конституцияның тікелей адамдарға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына бет бұрғаны көрсетілді. Өмір сүру құқығы бар деген норма болған. Қазір өмір сүру құқығы абсалютті және ажырамайды дегенді нақтылап көрсеткен. Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша да негізгі принциптер жазылған, – деді Ержан Әжікенов.

Өз кезегінде аумақтық коалиция мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы реформалардың түпкі мәні Тәуелсіздігімізді нығайту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру екенін айтты.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев өз пікірін білдіріп, ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін үлкен мәнге ие екенін жеткізді. Ел Президентінің барлық реформалары қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: