Kyzylorda-news.kz Қазақ даналығында «Ауылы бүтінді аман де, елі бүтінді есен де» деген ғибратты сөз бар. Анты бір ауылдастың мерейлі шағы дүйім елдің ортақ қуанышына айналуда. Еңселі 50 жылды еңсерген Айдарлы ауылының тарихы негізінен әрі де жатыр. Қастерлі де, қасиеті өзеннің атауымен аттас аудан құрамына кіретін Айдарлы ауылы көпке орталықтан шалғай орналасқандығымен белгілі. Сан мәрте бөлініп, алғашқы да шаруашылық ретінде құрылған ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі ата кәсіппен байланысты. Талай мәрте калхоздың әлеуетін, әлеуметін жақсартуда ел ағалары табанды іске араласты. Қаншама сүрлеу жолдан өткен ауыл тарихында қаншама кадрдың есімі айрықша мәртебмен айтылады. «Елу жылда ел жаңа» демекші, тұғырлы тұлғалар өмірден өткенімен, жаңа буын ізін лайықты түрде басып келеді.
Расында, қазақылықтан айнымайтын ауылдың төңірегінде өнер мен мәдениеттің нышаны ертеректен қалыптасқан. Ауыл адамы тұрғанда қазақ өнері мәңгілік өлмейді. Қайта талантымен даралана білген өнер майталмандары ауыл мәдениетін жандыра береді. Осыдан 9 жыл бұрын «Сұлу-ай» әжелер ансамблі ретінде қайта құрылған өнер ұжымының алғашқы негізі 1988 жылы қаланды. Ауыл өмірінен қашанда салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық өнер жоғалмайды. Мәдениет саласының майталманы, білікті ұйымдастырушы Сұлуай Зейнебекованың есімімен аталатын ансамбль ауылдағы өнердің шамшырағына айналған.
36 жыл бедерінде үздіксіз жергілікті халыққа өнерімен танылған ақ жаулықты әжелер өмірде өзіндік орындары бар екенін дәлелдей түсті. Әрбірі ауылдағы ағайынның ортасынан табылып, отырған жерлерін әнмен көмкерді. Негізінен, 3 мәрте құрамы жаңарған әжелер ансамблінің алғашқы құрамында болған Оңалай Қалыбекова, Күлаш Сарымбетова Алтынкүл Әбсаттарова, Үйтолы Шоңбаева, Әлима Бекқожаева, Жаңылдық Бәймішова, Орынкүл Жүсіпова, Рахила Нұралиева, Базаркүл Толысбаева, Орынша Сүлейменова, Дина Батырбекова, Жұмаш Рахманқұлова, Нағима Әбдіраманова, Күлди Торғаева, Маржан Әнәпияева, Мысқал Сайдалиева өнер айдынында еркін қалықтай білді. Олардың жүріп өткен жолы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып табылады.
Өмір телегей теңіз секілді өз ағысынан жаңылмайды. Бейнесі сағынышқа айналған асыл аналарымыз әлі күнге біздің ортамызда жүрген секілді. Әрине, өмір бар жерде, өлмек бар. Қаншама әзиз аналар өнер әлемінде өз қолтаңбаларын қалдыра білді. Мәселен, Тынымкүл Мүсілімова Байқоңыр ғарыш айлағының мерекесіне барған әжелер санатында болып, зиялы қауым өкілдерін күтіп алуға атсалысқан. Сол сәтте мәдениет ошағының жетекшісі Сұлуай ұлының есімін Нұрсұлтан қойған екен. Алтын құрсақты аналарымыз әннен әуелете күмбез тұрғызса, Қарлығаш Шамахова бекзат өнер би өнерімен машықтанды.
Өнер – ұлттың жұтамас байлығы. Осы өнер жолында бар ғұмырын арнаған әзиз аналар халық әндерін шырқауда алдарына жан салмайтын. 2015 жылы қайта жасақталған әжелер ансамблінде Гүлжаһан Есенбаева, Алия Смайлова, Қалипа Смайлова, Елеукүл Дүйсебаева, Күлзипа Рысымбетова, Ұлтай Бектаева, Райхан Мырзатова, Үрмаш Мусаева, Гүлжан Байбосынова, Күнім Байбосынова, Салтанат Әбдіраманова, Әсем Досжанова, Күніс Сыздықова, Гүлжан Бекманова, Роза Әлбатырова, Қуаныш Балқадирова, Қымбат Ниятова, Гүлмира Алиева, Пернекүл Шәуіткенова, Жанар Ибрагимова, Толқын Бисенбаева, Гүлжан Искакова лайықты өнерлерімен ел-халықтың қошеметіне бөленді. Қазірдің өзін де өнерімен ерекшелене білген ардақты аналарға құрметіміз ерекше.
Әрине, өнерге жан тәндерімен берілген «Сұлу-ай» әжелер ансамбілінің мүшелері сан түрлі санаттағы байқаулардан жеңімпаз атанып үлгерді. «Сұлу-ай» әжелер ансамблі Айдарлы ауылындағы көптеген атаулы іс-шараларда халық әндерін шырқап, көрермен көзайымына айнала білгені барша жұртқа аян. Атап айтсақ, Айдарлы ауылында Сырдария аудандық мәслихат депутаты Анар Сраждинқызының демеушілігімен «Сұлу-ай» әжелер ансамбліне арналып, «Аналар бөлмесі» ашылды. Бүгінде аналар бөлмесінде әжелеріміздің сахналық киімдері, дайындық жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстанатын ауылдың ақ жаулықты аналарының самайынан ақ шашты көргенде бар ғұмырдың өтеуін көретініміз анық.
