Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Бесарық елді мекеніндегі спорт кешені құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС-і жүргізіп жатқаны көпшілікке аян. Аталған жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі болып есептелетіні тағы бар.
Қазіргі таңда, биылғы жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары басталған. жү Осы орайда, аталмыш құрылыс нысанының сапасын бақылау, тексеру мақсатында аудандық мәслихат депутаты Гүлнұр Тілеубергенова құрылыс алаңына барды. Құрылыс жұмыстыраның барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне нысанды уақытылы және сапалы түрде тапсыру керектігін айтты.
Бесарық ауылында жаңа спорт кешені бой көтеруде. Негізінен, ауылымыз өркендеп, барлық жағынан ілгері басу байқалады. Алдағы уақытта Бесарық ауылының жастары спортпен тұрақты шұғылданып, нағыз чемпионға айналатыны сөзсіз. Халық қалаулысы ретінде тұрғындар игілігіне берілетін спорт кешенінің құрылысын бақылауда ұстау – басты міндетім. «SCS Инжиниринг» ЖШС-і мамандарымен кездесіп, құрылыс жұмысын сапалы орындау жөнінде пікір алмастым. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұрғанда өз уақытысында нысанды аяқтау – сала мамандарына асқан жауапкершілік жүктейді. Болашақ сырдариялық спорт жұлдыздары тәрбиеленітін болғандықтан, барлық жағдай жасалуы тиіс, – аудандық мәслихат депутаты Гүлнұр Тілеубергенова.
