Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандағы күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты.

Тереңөзек кентіндегі “Углесбыт” ЖШС-де күріш ақтау зауытына барып, өндірістің қызметкерлерімен кездескен болатын. Тәулігіне 100 тонна өнім өндіретін зауыт 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында серпін бар. Қазіргі уақытта қуатты егін егуді әртараптандыру – маңызды рөл ойнайды. Біз ауыл шаруашылығы саласын өркендету үшін дихандарды ыинландыру керек. Биыл ауыл шаруашылығы саласы бойынша ұздіктер қатарынан көрінуге мүдделеміз. Сондықтан аудан көлемінде«Углесбыт» ЖШС күріш зауытының артқаратын қызметі зор. Нарықта бағаны реттеу бойынша кешенді іс-шаралар біршама жүзеге асырылуда. Өз кезегінде Фархад Расулұлы басқаратын ұжымның тәуілік бойы атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалаймыз. Заманауи технологияларды пайдалану үшін мамандар кәсіби біліктілігін арттырған. Әке жолын жалғаған, кәсібін кеңеткен жас кәсіпкерді барынша қолдаймыз, – дейді аудан басшысы.

«Углесбыт» ЖШС күріш зауыттың ерекшелігі күрішті ақтаумен қатар, қауызын ұнтақтап, мал шаруашылығы үшін жем өнімдерін шығаруға бейімделген.

Тағы да оқыңыз: