Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында әлеуметтік саланың дамуында ерекше қарқын бар. Бүгінде халықты жұмыспен қамту, тұрғындарды әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылады. Көпшілік жәрдемақы секілді бірнеше сала бойынша арнайы дербес бөлімнің қызметкерлеріне жүгінеді. Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өткен жылы атқарған жұмыстары жайында бөлім басшысы Мақсұт Қаратаевпен сұхбаттасқан едік.
– Мақсұт Амануллаұлы, өзіңіз басқаратын бөлімнің атқаратын қызметіне кеңінен тоқталып өтсеңіз.
– Аудан бойынша есепті кезеңде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту қашанда басым бағыттарға ие. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 3577 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3357 адам қамтылды. Оның ішінде 998 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша 367560,0 мың теңге қаржы қаралып, 300 адам грант иегері атанды. Өз кезегінде аталған қаржы толық игерілді. Грант иегерлері ішінде әлеуметтік осал топтар қатарынан 153 адам, 29 жасқа дейінгі жастар 147 адам болды. «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 13 адамды қамтуға республикалық бюджеттен 6295,7 мың теңге қаржы қаралып, 31 желтоқсанға 32 адам ұйымдастырылған 8 мекемеге әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып аталған қаржы толық игерілді. Және 21 адам келісім шарт бойынша әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар тәжірибесіне» республикалық бюджеттен 26335,0 мың теңге және ұлттық қордан 93083,0 мың теңге қаржы қаралып, барлығы 274 адамды қамту көзделіп, 31 желтоқсанға 220 адам жастар тәжірибесіне жолданды, 33 адам әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасты. Аталған қаржы толық игерілді. «Қоғамдық жұмыстарға» 552 адамды тарту үшін республикалық бюджеттен 25194,0 мың теңге, ұлттық қордан 311362,0 мың теңге қаржы қаралды. Негізгі қаржы толық игерілді. 2022 жылдың 31 желтоқсана дейін 789 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 116 жастар, 26 – мүмкіндігі шектеулі жан, 131 – АӘК алушылар азаматтар,71 – көп балалы ана.
«Алғашқы жұмыс орындарына» жоспар бойынша облыстық бюджеттен 2486,0 мың теңге және ұлттық қордан 10343,0 мың теңге қаржы қаралып 9 адамды қамту көзделген, 31 желтоқсанға 17 адам жолданып қаралған қаржы 100 пайыз игерілген. «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша жоспар облыстық бюджеттен 5 адамға 3038,0 теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 5 адам жолданып 3038,0 мың теңге 100 пайыз игерілген. «Күміс жас» бойынша ұлттық қордан 4793,0 мың теңге қаралып, 9 адамды қамту жоспарланса, 31 желтоқсанға 15 адам жұмысқа жолданған 4793,0 мың теңге қаржы толық игерілген. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 30 адамды оқыту көзделіп, 30 адам жолданды, облыстық бюджеттен 6619,0 мың теңге қаржы қаралған, 31 желтоқсанға 29 адам оқуды аяқтап 22 адам тұрақты жұмысқа орналасқан 6619,0 мың теңге қаржы 100 пайыз игерілген.
– Кәсіпкерлік саласына алғаш ден қойған азаматтар қалай оқытылады?
– «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсын аудан бойынша 951 адам аяқтаған. 2022 жылғы жоспар бойынша 2156 жаңа жұмыс орындарын (тұрақты 1035, уақытша 1121) құру жоспарланған. Есепті кезеңде 2022 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жалпы жоспардың орындалуы 93,8% құрады. Оның ішінде: тұрақты – 908 (орындалуы 87,7%), уақытша 1114 (орындалуы 99,3%). Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне құрылып жатқан жаңа жұмыс орындары мамандықтар бойынша жүйеге сапалы түрде енгізілді.
– Мемлекеттік жобалардың жүзеге асырылуы қандай деңгейде?
– Аудан бойынша отбасылық цифрлық картасындағы деректерді жаңартуда анықталған 735 отбасы. Осыған сәйкес барлық 735 отбасы зерттеліп, «Отбасының цифрлық картасы» АҚ толық 100% енгізілді. Ұлттық жоба аясында барлығы 11 жоба бекітілген. Олардың қатарында Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 7 жоба, Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде – 1 жоба, Аудандық білім бөлімінде – 1 жоба, Ақжарма ауылдық округ әкімдігінде – 2 жоба бар. Ұлттық жобаға белгіленген мердігерлер бойынша барлығы 26 жұмыс орны, оның ішінде – 3 тұрақты, 23 уақытша жұмыс орны ашылу жоспарланған. Бұл ретте 55 азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, 4 тұрақты, 51 уақытша жұмысқа жолданып, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, міндетті зейнетақы жарналары төленді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша 2022 жылға атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 19977,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 80939,0 мың теңге, әлеуметтік кепілдендірілген пакетке республикалық бюджеттен 19838,0 мың теңге қаржы қаралған. 2022 жылдың 31 желтоқсанына 360 отбасына (1972 адам) 100402,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1-3 жас аралығындағы 180 балаға 1088 пакет, 3-6 жас аралығындағы 254 балаға 1420 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы 434 балаға 853 пакет тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы таратылып, 19771,5 мың теңге игерілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасынан еңбекке жарамды 629 адам, оның ішінде өтініш берген кезеңде жұмысы барлар 315 адамды құраса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 192 адам тартылды, оның ішінде 51 адам тұрақты жұмысқа, 132 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 адам жастар тәжірибесіне жолданды, 6 адам грант алған. Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 80,6 пайызды құрады. Халықтың осал топтарына демеушілер мен еріктілер тарапынан 5056 отбасына 65734,7 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі бойынша 2023 жылға 2069,4 мың теңге қаралып, 2022 жылдың 31 желтоқсанына 55 отбасына (275 адам) 2069,4 мың теңге тағайындалып, төленді.
– Жергілікті тұрғындарға қандай әлеуметтік көмектер төленді?
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2567 адамға 32652,2 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
Жергілікті өкілетті органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға келесідей әлеуметтік көмектер төленді. Атап айтқанда, Туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға 2022 жылға облыстық бюджеттен 7307,0 мың теңге қаралып, 2022 жылдың 31 желтоқсанына 35 адамға 7083,6 мың теңге төленді. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге 2022 жылға 1839,0 мың теңге қаралып, 4 отбасына 1890,5 мың теңге төленді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан облыс әкімінің грантының иегерлері 19 студенттің жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге және жүріп-тұру шығындарына 13 975,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектері 16 адамға –1470,2 мың теңге, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 13 азаматқа 1194,6 мың теңге, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен 30 азаматқа 2756,7 мың теңге, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері 11 адамға 1010,8 мың теңге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер 5 адамға 459,4 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Ауған соғысының, Чернобыль апатының зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына көмек ретінде 5 отбасына 76,5 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында ҰОС-ң қатысушы мүгедегі 1 ардагерге облыстық бюджеттен 1000,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 122,5 мың теңге, ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР орден медальдарымен наградталған 1 адамға облыстық бюджеттен 100,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 91,8 мың теңге, тылда кемінде алты ай еңбек еткен ардагерлерге облыстық бюджеттен 100,0 мың теңгеден барлығы 156 адамға 15600,0 мың теңге, екiншi рет некеге тұрмаған қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдерiне (күйеулерiне) облыстық бюджеттен 2 адамға 200,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған және республиканың басқа да құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдауға 2 адамға 144,0 мың теңге қаралып, 143,7 мың теңге (1,9 АЕК) әлеуметтік көмек төленді.
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
– Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда. Аудан бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 1190, оның ішінде I топ – 112, II топ – 324, III топ – 496, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 258. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен қызмет түрлері Әлеуметтік қызметтер порталы жүйесі арқылы көрсетілді. Жыл көлемінде 1041 мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы тапсырыс беріліп орындалды. Оның ішінде: санаторий-курорттық емделу – 82, сурдотехникалық құралдар – 4, тифлотехникалық құралдар – 71, протезді-ортопедиялық құралдар – 171, міндетті гигиеналық құралдар –426, жеке көмекші қызметі – 107, ымдау тілі маманының қызметі – 11, арнаулы жүріп-тұру құралдары – 54. Аталған тапсырысты мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталда өз таңдаулары бойынша жасады. Есепті кезеңге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы – 1041 (бұдан әрі – ЖОБ). Бұл жерде 2022 жылы әзірленіп орындалған ЖОБ саны - 480, өткен жылдардың ауыспалы кезеңінен - 561. 31 желтоқсанға жеке оңалту бағдарламасы 97,7 пайызға орындалды (аудандар арасында 4 орын). Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 172 мүгедекке 16313,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен 8363,0 мың теңге барлығы 24676,5 мың теңге қаралып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы бөлінген қаржы толық игерілді. Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың кеңейтілген тізбесіне сәйкес республикалық бюджеттен 8300,0 мың теңге қаралып, 196 мүгедекке 8300,0 мың теңге игерілді. Аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне үйде тәрбиеленіп оқытылатын 80 баланың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне 5551,8 мың теңге тағайындалып төленді. Әлеуметтік көмек ретінде аплазиялық анемиямен (гемотолгиялық аурулар) диспансерлік есепте тұрған 2 балаға және 2-топтағы мүгедектігі бар 1 адамға облыстық және жергілікті бюджеттен 574,7 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 2022 жылға жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында іс-шараларды ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған жұмыстардың нәтижесімен ардагерлер бойынша жеңімпаз болып танылған «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігімен жасалған сатып алу шартына сәйкес аудан бойынша барлығы 202 ардагерге 1428,5 мың теңгеге құрмет көрсетілді. Осы қоғамдық бірлестік арқылы мүгедектігі бар адамдар арасында іс-шараларды ұйымдастыруға аудан бойынша барлығы 300 адамға 1785,7 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетіліп іс- шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
«AMANAT партиясы» Сырдария ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 3.2 бөлігіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бағытында аудан бойынша 2025 жылға дейін 160 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу мен паспорттау жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. 2022 жылы бейімделуге 34 нысан жоспарланып, барлығы толық талапқа сай орындалуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар «Интерактивті қолжетімділік картасы» ақпараттық жүйесіне тиісті деректер уақытылы енгізілді.
Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған «Инватакси» қызметіне облыстық және жергілікті бюджеттен 5940,0 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 5233,5 мың теңгеге шарт жасалды. 31 желтоқсанға 190 мүгедектен 297 тапсырыс қабылданып 5233,5 мың теңге толық игерілді.
Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманы қызметін ұсынуға республикалық және жергілікті бюджеттен 4212,0 мың теңге қаралған. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ымдау тілінің 1 маманы 11 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ұсынып 4211,6 мың теңге игерілді.
Жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға жергілікті бюджеттен 106 мүгедекке 104092,0 мың теңге қаралып, есепті кезеңге 106 жеке көмекшіге 95269,0 мың теңге игерілді (желтоқсан айының қаржысы қаңтар айында төленетін болады, 107 жеке көмекшіге 9500,7 мың теңге).
Сырдария ауданы әкімдігінің 2021 жылдың 15 желтоқсанында «2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №365 қаулысы бекітіліп, ағымдағы жылға квота бойынша 15 мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен жоспарланып, есепті кезеңде 15 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды.
– Пробация қызметіне талдау жасап кетсеңіз.
Сырдария ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы «2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №348 қаулысымен пробация бағыты бойынша 10 жұмыс орнына квота бекітіліп, толығымен орындалды. 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру, қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде «Сырдария - Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз болып табылды. Аталған өнім берушімен 1071,4 мың теңгеге келісім шарт жасалып, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік жоба аясында «Сырдария-Нұрдария» Қоғамдық қорымен 13 шара ұйымдастырылды (психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік көмек және кеңес беру шарасы, спорттық шара, мәдени-демалыс іс шарасы, семинар-тренинг, пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен ортаға бейімдеу және тағы басқа тұрғыда сауалнама жүргізілді. «Мектепке жол акциясы» аясында пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың көмекке мұқтаж балаларына мектеп сөмкелері мен кеңсе құралдары 10 отбасыға, қайырымдылық шара аясында азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек 25 отбасыға таратылды).
– Өзге де бөлімнің атқарған жұмысын саралай кетейік.
– Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV Кодексі және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №99 Бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру туралы» Ереженің талаптарын басшылыққа ала отырып, 2022 жылдың 12 айы бойынша ХҚКО арқылы, электронды түрде немесе тікелей бөлімге 904 өтініш келіп түсіп, осының аясында төмендегіше жұмыстар атқарылды.Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 543, оның ішінде өлі туғандар – 2, Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 126, шетел азаматтарымен тіркелген жоқ. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 12, оның ішінде сот шешімімен -3, (ЭҮП арқылы бірлескен өтініш - 11). Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 223, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 3. 2022 жылдың 12 айы бойынша өтінішпен жүгінген жеке тұлғалардан 780 832,25 теңге баж алымы өндірілген.
