Kyzylorda-news.kz Қазіргі уақытта жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы өзекті мәселеге айналған болатын. Сан сала бойынша білімін жетілдірген жас буынның әп-сәтте қызметке ие болуы өз алдына қиындық тудырады. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және барынша еңбекке баулу мақсатында елімізде 19 жылдан бері «Жасыл ел» жасағы жұмыс істеуде.

«Жасыл ел» ең­бек жасағына 14 пен 35 жас аралығындағы жас­тар қа­былданады. Маусым айынан бастап, Сыр­дария ауданы­­ның жастары еңбек жа­­сағының бел­­­сен­ді мү­ше­лері­нің қа­тарына қо­сыл­ған болатын. Аудан кө­ле­мін­де, биылғы жылға 110 квота бөлін­ген. Ал­ғашқы ай­да 27 сырдариялық ең­бек етіп келеді.

– Жыл са­йын ау­­­дандық жас­тар ре­сурс­­тық ор­та­лығының үйлес­­тір­уімен «Жасыл ел» еңбек жасағына аудан жастары қабыл­дана­ды. Белсенді жастар күн­делікті көркейту-көгал­дан­­дыру бойынша бір­неше қыз­­­­мет атқарады. Демалыс уақы­тын­да мау­сымдық жұ­мыстың жас­тарға берер пайдасы мол. Олар­дың арасында белсенділік жоғары. Ортақ дос тауып, табыс табудың қыр-сырына қанығады, – дейді орталық директоры Айгүл ­Ахметова.

Шындығында, ерекше киім үлгісін киген жастар аудан бойынша көр­кейту-көгалдандыру барысына ба­рын­­ша қаныққан. Маусымдық жұмысқа қызығушылығы артып келген жас Алихан Сақтағанов «Жасыл ел» еңбек жасағы жөнінде пікір білдірді.

– Күнделікті біз орталық алаң мен саябақта шөп жұлып, жер қопсытып, сала мамандарымен бірге еңбек етеміз. Жұмысқа орналас­қанымда ата-анама қолғабыс ету – бас­ты мақсатым болды. Әрине, ата-ана үмітін ақтап, табыс тапқаныма ерекше қуанамын. Уақытты ұтымды пайдаланып, бір-бірі­мізге қолғабыс қыламыз. Мемлекеттің қолдауының арқа­сын­да өзім секілді бірнеше жас даланың қыруар шаруашысына ма­шық­тануда, – дейді белсенді жас.

Тағы да оқыңыз: