Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын «26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күні» елімізде аталып өтіледі. Өз кезегінде аудан көлемінде нашақорлыққа күрес жұмыстары жүргізілуде. 

Өз кезегінде аудандық арухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсененов аталған мәселеге байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Наркология кабинетінің жұмысы арнайы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске аудандық мүдделі органдармен бірлескен іс-жоспар жасалып, төмендегідей жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімдігі жанынан құрылған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес комииссиясына тоқсан сайын атқарылған жұмыстар жайлы есептер уақытылы жолдануда.  Аудан көлеміндегі ірі кәсіпорындар, шаруашылықтарда есірткіге қарсы күрес жүргізу мақсатында наркобекеттер құру жөнінде аудандық денсаулық сақтау бөлімі тарапынан ұсыныс беріліп, қәзіргі таңда мекемелерде бұйрықпен арнайы комиссия жасақталып, мекеме басшысы бекіткен іс-жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.  Жалпы аудан бойынша 19 наркобекет  құрылған, 17 мектептік 14 ауылда және 2 екі аудан орталығында № 10 кәсіптік техникалық лицейде және аурухана жанында орналасқан.  «Психобелсенді заттарды алдын алу» тақырыбында Сырдария аудандық аграрлы техникалық колледжінде акция, семинар тренингтер өткізілді.  Қалжан-Ахун аулында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында акция өтті.  Жастар ресурстар орталығында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында акция, семинар тренингтер өткізілді. Сырдария аудандық ауруханасында наркология кабинетінде «Д» есепте барлығы 299 науқас тұрады, оның ішінде маскүнемдікпен 257 науқас, нашақорлықпен 42 науқас тұрады. Оның ішінде 16 науқас «Д»есепке алынды,маскүнемдікпен 12-науқас, 4-науқас нашақорлықпен. Жазылып шыққан 16 науқас «Д» есептен шығарылды. Маскүнемдікпен 11 науқас, нашақорлықпен 5 науқас екенін айта кетейін. Ал  2 науқас қайтыс болған, – дейді бас дәрігер.

Жалпы, Қызылорда облысы прокуратурасының 2023 жылдың 5 сәуіріндегі № 2-1007-23-00404 санды хатына сәйкес «Есірткісіз аймақ» жобасы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында ерте нашақорлықтың алдын алу және тиісті профилактикалық шараларды атқару үшін аудан аймағындағы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары және Сырдария аудандық Аграрлық коледжінің студенттерін қатыстыру арқылы тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға Сырдария аудандық білім бөліміне және Сырдария аудандық агротехникалық колледжіне хат жолданып, бөлім басшысының рұқсатымен  № 210 Әбдулпаттаев атындағы орта мектептің  9-10-11 сынып оқушылар ер балдар арасында кіші дәреттен тест тілімше арқылы нашақорлықтың алдын алу мақсатында 3 оқушы тексерілді. Тексеру жұмыстары ата-анасының келісімімен жасалынды. 

Сырдария аудандық Аграрлық техникалық колледжінде 93 студенттен нашақорлықтың алдын алу мақсатында тест тілімше жүргізілді.  №36 Ә.Тәжібаев атындағы лицей – 74 оқушы, № 35 И.Тоқтыбаев атындағы лицейде 37 оқушы, №131 Т.Қозыбаев атындағы мектепте - 42 оқушы, № 135 орта мектепте – 29 оқушы, № 137орта мектепте -  29оқушы, Қалжан-ахун ауылындағы № 126 мектепте 22-оқушы, Ақжарма ауылындағы №130 мектепте- 42 оқушы, Шаған ауылындағы № 37 мектепте– 76оқушы, Шіркейлі ауылындағы №129мектепте - 39оқушы ер балдар арасында өткізілді.  Барлығы теріс нәтиже болды.

Кәмелетке толмаған студенттердің ата-анасының келісімімен барлығы 514 оқушыдан наркотест алынды.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Есірткісіз болашақ» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. 26-маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай «Есірткісіз болашақ» жобасы шеңберінде жұмыстар жоспарлануда. Салауатты өмір салтын насихаттау және санитарлық ағарту жұмыстарының 2023 жылдың 5 – айындағы көрсеткіштері бойынша акция – 1, газетке жарияланған мақала – 1, кеңес беру- 17, дөңгелек үстөл -3, санбюллетень – 5, спорттық сайыс -1, кинофильм көрсету – 7, сурет, плакаттар конкурсы – 5 рет өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде ұйымдастырылатын болады.  

 

Тағы да оқыңыз: