Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жас кәсіпкерлермен кездесуінде аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Абдрасилов мәлімдеді.
Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастар бастауы - кәсіпкерлік негізі" атты кәсіпкерлік жобалар байқауы өтетін болды.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 20 шілдесі күніне дейін қабылданады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жобаға кез келген 14-35 жас аралығындағы Сырдария ауданының тұрғыны қатыса алады;
- IT технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатын жобалар;
- Сырдария өңірінің туристік брендін жасауға және отандық, шетелдік туристерді тартуға бағытталған жобалар;
- Білім беру саласында тұрғындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білімді ұрпақ қалыптастыру бағытындағы жобалар;
- Агробизнес саласында инновациялы ауыл шаруашылықты қалыптастыру бағытындағы жобалар;
- Әлеуметтік кәсіпкерлікті (орта және шағын) бизнес субъектілерін тарту арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған жобалар;
- Азаматтық қоғам жастар арасында патриоттыққа баулуға, ұлттық-салт дәстүрлерді қайта жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау және т.б. бағыттардағы жобалар;
- Өнеркәсіп және өндірістік тұтыну тауарларын өндіруге алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануға бағытталған жобалар мақұлданады.
Бағдарлама шартына сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір жаңашыл бизнес-жоба ұсынуы қажет.
Жобалардың басты шарттары: сұраныс, тиімділік және жастардың жеке қабілеттерінің болуы. Инновациясыз, көп таралған және сұранысы жоқ жобаларға қолдау берілуінің ықтималдылығы аз.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік танылған жобалар І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын бағалы сыйлықтармен және арнайы сертификат, дипломдармен марапатталатын болады.
Бұрын осы жобаға қатысып, қолдау алған жеңімпаздар қайта қатыстырылмайды.
Байқауға өтініштер 2023 жылдың 12-20 шілде аралығында 8-724-36-22-2-15, 87074013736 байланыс нөмері арқылы қабылданады.