Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Берік Сарменбаев жұмыс сапары барысында Айдарлы ауылының тұрғыны, жас кәсіп иесі Ерасыл Жұмахметовтің жасап жатқан жұмыстарымен танысқан еді.
Негізінен, Ерасыл Жұмахметов өз қаражаты есебінен дірілі бар үстел, бетон араластырғыш, қалып және басқа да құрал жабдықтарын сатып алған екен. Ол – ауылдың 2 жасын жұмыспен қамтып, сәуір айынан бастап, жаяу жүргіншілер жолына арналған бордюр, плита шығара бастады. Қазіргі уақытта Айдарлы ауылындағы «Досбол датқа» көшесінің бойына 1,5 км жаяу жүргіншілер жолының құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемемен келісім жасалып, құрылыс заттарын сату жоспарлануда екен.
Біз қашанда жеке кәсіпкерлерді қолдауымыз керек. Қашанда өз бизнесін бастап, табыс табуға ынталы болған жастарды демей алсақ, кәсібі дөңгеленіп кететіні сөзсіз. Әрине, жергілікті кәсіпкердің тың бастамасы көңіл қуантады. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын өзіміз өндіру ауадай қажет. Сапасы жоғары құрылыс материалдарын аудан игілігі үшін пайдалану – құптарлық жағдай. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылында енді бордюр мен плита шығарылатынына дән ризамыз. Алдағы уақытта «Досбол датқа» көшесіне төселетін құрылыс заттарын өндіруге кәсіпкер мүдделі. Жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілейміз, – деді аудан әкімі.
