Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің тұрғыны 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді.
«Бүгін біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бей-жайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым», – дейді қарт майдангер.
Тереңөзек кентіндегі №169-ші сайлау учаскесі тарапынан Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровтың иығына шапан жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Жалпы, ғасыр жасаған ардагер Яхия Тасыров сайлау науқаны кезінде үнемі алғаш болып дауыс береді.
Өз кезегінде қазыналы қария, Ұлы Отан соғысының ардагері ақ батасын беріп, сайлаудың сәтті өтуіне ақ тілегін білдірді.
Еске сала кетейік, Сырдария ауданында Президент сайлауына дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден бастап, 20:00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 373 сайлау учаскесі және 482 934 сайлаушы бар.

