Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған арнайы мобильді топ Сырдария ауданының тұрғындарына құқықтық кеңес берді.

Тұрғындардың негізге мәселелері жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезектілігіне тұру, газдандыру, абаттандыру, мемлекеттен жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттар алу, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты болды.

Мобильді топ құрамындағы заңгер, сот орындаушы, салық, ауыл шаруашылығы, еңбек инспекциясы, тұрғын үй инспекциясы, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және тағы басқа сала мамандары тұрғындар сауалдарына жауап берді. Мамандар 80-ге жуық тұрғынның жеке мәселелері мен дауларына қатысты кеңестерін беріп, тиісті заңнамалық көмектер көрсетті.

Қабылдау барысында азаматтардың жүгінген мәселелері ҚР СЖҚІА Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бақылауына алынды.

Іс-шара барысында тұрғындардан «құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық түсіндіру» жұмыстарына байланысты сауалнама алынды.

Тағы да оқыңыз: