Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында теолог маман халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Сейілханов Мұхамед аудан орталығындағы такси тұрақтарында және жастарға «Тәртіпті елдің, татулығы тұрақты» тақырыбында ақпараттық түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

Тәртіпті – адамдардың белгілі бір қауымдастығында, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты, адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлде бір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі.

Осы тұрғыда діни экстремизмді насихаттаушы материалдарды таратуда, діни араздық тудыруға және заңсыз миссионерлікпен шұғылдануға, дін саласындағы заңдылықтарды бұзған төменде көрсетілген ҚР Заңдарына сәйкес жауапкершілік қаралған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 161-бабы бойынша агрессиялық соғысқа шақыру немесе оны насихаттаумен айналысқан адам 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Сондай-ақ 180-бапта (Қазақстан Республикасы тұтастығын бұзуға шақыру) бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы істеген адам да 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

316312280_1551867308586208_3783941327058470653_n.jpg

Тағы да оқыңыз: