Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың шілде айының 1 мен 31 күндері аралығында Сырдария ауданы аумағында «Рульде ұйықтау» акциясы өткізілуде.

Аталған акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автокөлік құралдары жүргізушілерінің шамадан тыс жұмыс істеуі себебінен апаттылық деңгейін төмендету, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ауыр немесе шаршаған жағдайдағы, реакциясы мен назарын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі жүргізушілерді анықтау болып табылады.

 Негізінен, жыл сайын  жолда жүру ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдыстырылуда. Өз кезегінде 1 ай көлемінде «Рульде ұйықтау» акциясы жүргізілуде. Жалпы, автокөлік жүргізушілері немқұрайлылық танытуда. Мас күйінде автокөлік тізігіндеген азаматтар жеткілікті. Сондықтан біз қатаң шара қабылдауға мәжбүрліміз. Жол ежелерін бұзуға итермелейтін факторлардың алдын – маңызды рөл ойнайды. Шын мәнінде, профилактикалық іс-шара барысында көпшілік қауіпсіздік белдігін тақпайтынын, автокөлік жүргізу үшін берілетін куәліксіз жүретіндігін анықтадық, – дейді потрульдік полиция қызметінің аға қызмет инспекторы Әзімхан Әбдірәсіл.   

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жүргізушілерге автокөлік жүргізу ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге ұзақ жолға шыққан уақытта жол ережелерін сақтауға мұқият болу керектігін ескертті. 
 

Тағы да оқыңыз: