Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жемқорлықпен күрес екені жасырын емес. Оның алдын алу немесе жолын кесу қазіргі таңдағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдыққа айналды десек болады. Аудан бойынша «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жыл сайын ҮЕҰ-дар және құқық қорғау органдары, тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында өзара меморандумға қол қойылып, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және ақпараттық-насихаттық жұмыстар, тұрғындарға құқықтық кеңестер мен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы жергілікті бюджеттен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Жоба бойынша «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жыл көлемінде профилактикалық іс-шараларды жүргізді.
– Жоба аясында 14 кездесу, 4 акция, 5 қоғамдық қабылдау, 1 байқау, 10 мақала, 100 әдестемелік нұсқаулық таратылды. Биылғы жылы, облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы әлеуметтік жобаның қаржысы қайта қаралып, аудандағы жалпы жобалардың қаржысының 5 пайызына дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда, жергілікті бюджеттен бұл бағыттағы жұмыстарға 3 млн.теңге қаржы қаралып отыр. Жобаның техникалық ерекшелігіне ҚР Үкіметінің 2021 жылғы31 мамырдағы №358 қаулысының №4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобының іс-шаралары бойынша жасақталды, – деді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов.
«Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» аясында аудан көлемінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында заңнамалар жиынтығы және құзыретті органдардың сенім телефондары көрсетілген ақпараттық 500 дана таратпа материал шығарып тарату, құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын- алу бойынша 3 бейнеролик дайындау, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидатын қалыптастыру бойынша 13 ауылда кездесу, кентте 1 семинар өткізу жоспарланған. Сонымен бірге «Парасатты отбасы» байқауын ұйымдастыру қолға алынады. «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбы бойынша сурет салудан байқау, «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында үздік мақала байқауы, Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бағыты бойынша БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан облыстық турнир, баннер мен посттерлер дайындау, интелектуалдық сайыс ұйымдастыру жүзеге асырылатын болады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Құжаттары тексеріліп, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры жеңімпаз деп танылды. Қолданыстағы заңдылықтарға және техникалық ерекшеліктерге сәйкес жұмыстарын бастауда. Аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы тақырыптық айдар ашылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында мақалалар тұрақты жариялануда. Барлық ауданға қарасты әр ауылда тақырыптық 1 билбордтан орнатылса, аудан орталығында 2 билборд орнатылды. Сонымен қатар барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемелерге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық материалдары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады, – деді қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов.