Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Азамат Оспанов аудандағы құқық бұзушылықтың жай-күйі мен сервистік полиция қызметі туралы сұхбаттасқан болатынбыз.
– Азамат Айдуллаұлы, елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен полиция қызметін сервистік тәсілге көшіру басталғаны белгілі. Осы ретте бұл тәсілдің ерекшелігі мен атқаратын міндеті туралы тарқатып айтсаңыз?
– Иә, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндеполиция қызметін сервистік тәсілге көшіру басталды.
Сервистік полиция – қылмыспен күресте полициямен бірге жергілікті атқарушы органдар, халықпен, қоғам өкілдерімен бірігіп қоғамдық қауіпсіздік проблемаларын анықтау және шешу болып табылады.
Жоба аясында «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ» құрылып, құрамына жергілікті атқарушы, прокуратура, ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғам өкілдері енгізіледі.
Қызылорда қаласында, жобаны енгізу үшін тәжірибелік сабақ өткізген ІІМ мен ОБСЕ өкілдері стандарттық тәсілдерден тыс «САРА» методикасын қолдануды тапсырды.
Ведомствоаралық топпен 4 кезеңнен тұратын – бұл методиканың бірініші кезеңінде ақпараттар жинақталып, екінші кезеңде талдау аяқталып, үшінші кезең, яғни проблемалық сұрақтарды шешу жолдары қарастырылса, төртінші кезеңде белгіленген шешімдердің орындалуына баға беріледі.
Анықталған проблемалық мәселелер, қылмыс түрлері және тағы басқа мәліметтер қамтылған.
– Сервистік полиция қызметі пилоттық жоба екені белгілі, осыған орай біздің ауданда қай елді мекенде жүзеге асуда?
– Пилоттық аумақ ретінде Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағанбетов елді-мекенін мысалға алып, 2022 жылы және 2023 жылдың 5 айында жасалған қылмыстар талданды.
Анықтама ретінде айтсақ, елді мекенде халық саны – 1835. Елді мекенге қарасты саяжайлар яғни, Теплоснобженец, Теплосеть, Домостроитель, Бумажник, Весна, Энергетик, Айтек, 8-бекет, 9-бекет, Соркөл учаскелері мен Құмкөл кеніші кіреді. Аталған аймақтарда халық саны аз болғанымен аумағы 97776 шақырымды құрайды. Казіргі таңда, А.Тоқмағанбетов елді-мекеніне 1 учаскелік полиция инспекторы, саяжайларға 1 учаскелік полиция инспекторы, Құмкөл кенішіне 2 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген. Алайда Құмкөл кенішіне 2 учаскелік полиция инспекторы аздық етеді. Бүгінгі күні Қызылорда облыстық полиция департаментіне Құмкөл кенішіне бөлімше ашу туралы анықтаушы-2, жедел уәкіл-2, учаскелік полиция инспекторы-2, бөлімше басшысы-1 штаттық бірлік қажет екіндігі жайында ұсыныс жіберілді.
Зерттелген аумақта соңғы 1 жыл 5 айда – 2022 жыл және 2023 жылдың 5 айында 16 қылмыс тіркелген.
Оның ішінде қылмыстың басым бөлігі бөтен мүлік ұрлығы, пәтер, мал ұрлығы қылмыстары талдауға алынды.
Бөтен мүлік ұрлығының 8 дерегі орын алып, оның 5 дерегі немесе 62,5% Құмкөл кенішінде, 3 дерегі немесе 37,5% саяжайларда орын алған.
Жасалған 2 (1-і немесе 50% ашылған) пәтер ұрлығының 2-і де саяжайда орын алған. Демек саяжайлардағы жеке үйлердің қорғаныс деңгейі өте төмен десек болады.
Бұл бағытта полиция қызметкерлерімен сақтық шаралары мен өз мүлкінің қорғанысын арттыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Саяжайларда тұрақты тұрғындар саны аз болғандықтан, қыс мезгілінде үй ұрлықтарының көбеюі, қоғамдық көлік бағыттарының, табиғи газ құбырының болмауы, баллонды газды қолдану қауіпсіздігінің сақтамауынан өрттің болуы (саяжай 2021 жылы болған жағдай), көшелердің жөндеуден өтпегені және жарықтанбауы, үнемі есірткі алқаптарының анықталуы (1 алқап), қылмысқа бейімді азаматтардың бірыңғай шоғырлануы, тіркелмеген қарудың (2 қару) анықталу деректері – саяжайлардың статусына сәйкес, қаражаттың жеткілікті деңгейде бөлінбеуінен болуда.
А.Тоқмағанбетов елді-мекеніне қарасты саяжайда бейнекамералар мен учаскелік полиция тірек пунті жоқ екендігін айта кету қажет.
Аталған аумақта мал ұрлығының 2 дерегі тіркеліп, оның 1 дерегі немесе 50% саяжайда (уақ мал-15), 1 дерегі немесе 50% Құмкөл кенішінде орын алған (уақ мал-10).
А.Тоқмағанбетов елді-мекенінде 1 пада ұйымдастырылған. Қазіргі таңда, 2 пададан ұйымдастыру тапсырылды,
Қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарын уақытша ұстауға арналған орынның мәселесі бүгінгі күнге дейін шешілмеуде.
Бұл ретте мемлекеттен қаржыланатын арнайы орын және малға берілетін бір күндік азықтың нақты құнын белгілеп, бағуға бақташы тағайындап, көшеде қараусыз жүрген малды арнайы орынға апаратын тұлғадан бастап, осы орыннан мал иесіне берілгенге дейінгі барлық қызметкердің іс-әрекетін реттейтін алгоритм дайындап бекіту қажет.
Осылайша қараусыз малдардың 100% жайылымнан (ашылған) ұрланған.
– Сырдария ауданында иесіз малдың кесірінен орын алатын жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осындай және өзге де қылмыстың алдын алуда қандай іс-шаралар қолға алынуда?
– Сырдария ауданында қараусыз жүрген малға автокөлікпен соғудың 35 дерегі тіркелген, оның 10 мал егесі анықталып шара көрілген, ал 25 дерегі бойынша малдың егесі анықталмаған. Орын алған 38 жол көлік оқиғасының 28-і Республикалық маңызы бар тас жолында (7-не шара көрілді), 7-і Қызылорда-Жалағаш тас жолында орын алған (3-не шара көрілген).
Облыстық маслихаттың «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес (21.10.2020ж. № 473), малды жайылымда иелері, не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асыратындығы және осы жұмысты ұйымдастырып, түсіндірме жүргізу жергілікті әкімдікке жүктелген.
Барлығы көшеде 4 қылмыс жасалса, оның 2-і бұзақылық қылмысы, 2-і бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы.
Аталған санаттағы 4 қылмыстың 3-і немесе 75% тәуліктің қараңғы уақытында жасалған.
Тереңөзек кентінің көшелерінде 14 бейнебақылау камералары бар, бұл қылмыстың алдын алуға әрине жеткіліксіз. Осы орайда цифрландыру бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде жаңа камераның орнату орындары белгіленді.
Тағы бір айта кететін жағдай – назар аударатын қылмыстың бірі алаяқтық қылмысы. Аудан көлемінде орын алған 3 алаяқтық қылмысының біреуі немесе 33,3% интернет-ресурстарын пайдаланып, жалпы 2 млн 100 мың теңге материалдық шығын келтірген (ашылмаған), қалған 2 дерегі немесе 66,6% таныс адамдары алдау жолымен алаяқтық қылмысын жасаған (ашылған).
Полиция және арнайы органдардың күшімен интернет-ресурсындағы деректердің үлкен көлемін бақылап, интернет алаяқтарды анықтау қиынға соғады.
Бұр ретте киберқылмыспен күресте ІТ-білімі бар белсенді азаматтар көмегі қажет етеді. ІТ-PARK жастарының қатысуымен, кибереріктілер тобын құру өзекті болуда.
– Адам өмірін жалмайтын жол-көлік оқиғалары, әрине қайғылы жағдай. Полицмя тарапынан жол-көлік оқиғалары бойынша тіркелген және орын алған оқыс оқиғалар туралы айтсаңыз?
– Есепті мерзімде жол көлік оқиғалары 10-нан 8-ге, 20%-ға, қаза тапқандар 5-тен 4-ке, 20%-ға төмендесе, дене жарақаттарын алғандар 9-дан 12-ге, +33,3%-ға өсім алған. Орын алған 8 жол көлік оқиғаларын талдайтын болсақ: Біреуі Республикалық маңызы бар Шымкент-Самара тас жолында 4 адам қаза тауып, 1 адам дене жарақатын алған оқиға. Оқиғаның себебі біреуінің қарама-қарсы бағытқа шығып кетуі. Енді біреуі Қызылорда-Жезқазған тас жолында (1 адам дене жарақатын алған) орын алған, (1-і жолдан шығу), Екі оқиға Тереңөзек кентінде (4 адам дене жарақатын алған) орын алған, (1-іманевр ережесін бұзу, 1-і жол белгісінің талабын орындамау). Төрт оқиға Сырдария ауданына қарасты елді-мекендерде (А.Тоқмағанбетов а/о біреу, салдарынан 1 адам дене жарақатын алған, Қоғалыкөл а/о –1, 3 адам дене жарақатын алған, Бесарық а/о –1, 1 адам дене жарақатын алған, Амангелді а/о – 1, 1 адам дене жарақатын алған) орын алған, (1-іманевр ережесін бұзу, 1-і жаяу жүргіншіні қағу, 1-і қарсы бағытқа шығу, 1-і жол белгісінің талабын орындамау).
Ағымдағы жылдың 5 айында алкогольдік масаң күйде 4 қылмыс жасалған. Қоғамдық орында мас күйінде болған 40 азамат, автокөлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші сот арқылы жазаланса, алкоголь өнімдерін түнгі мезгілде сатудың 3 дерегі анықталды.
– Қоғам үшін аса маңызды мәселенің бірі жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, осы тұрғыда толықтырып өтсеңіз?
– Өте күрделі мәселе, балалар мен жасөспірімдер арасында қауіп-қатер тобын анықтап, олармен психокоррекциялық терапия жүргізудегі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарының жұмысы.
Кәмелетке толмағандармен қылмысқа жол бермеу бағытында атқарылған, полицияның жазалау шаралары жеткіліксіз (ӘҚБтК-нің 442-бабымен-47, лекция мен кездесулер-85).
Полицияның сервистік модельге көшуінің міндеті, проблеманың түбірін анықтап, жергілікті атқарушы органдар және жұртшылықпен бірігіп оны шешу жолын табу.
Бұл жұмыстарда бірінші кезекте балалардың ата-аналары мен мектеп психологтарының әрекеті нәтижелі болады.
Айта кететін мәселе, мектептерде психологтардың балалармен жұмыс жасау сағаттары қарастырылмаған.
– Пилоттық аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа да проблемалық мәселелер бар ма?
– Полиция күнделікті қызметте әртүрлі проблемалармен бетпе-бет кездеседі, бірақ кейбір мәселелерді жалғыз шешуде дәрменсіз. Сервистік полицияның құрылу себебі де міне, осы.
Сонымен қатар, ведомствоаралық топпен зерделеу, талдау, проблемалық мәселерді анықтау жұмыстарымен қатар, қоғамдық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Учаскелік инспектордың халық арасында танымалдығын арттыру мақсатында, тұрғындардың мекен-жайын аралау жұмыстары жүргізілуде. Саяжайлар мен Құмкөл кенішінде ашық есік күнін өткізіп, құқық бұзушылықтар мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұрлық қылмыстарын бірігіп алдын алу бағытында кеңестер беру жоспарлануда. Аудандағы мектептер арасында «Жолда жүру ережелерін қатаң сақтау мен үйретуге, отаншылдыққа, патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелеу» тақырыбындағы бейнеролик сайысы ұйымдастырылып, оқушылар полиция қызметкерінің жұмысы, ерлігі насихатталу жұмыстары жүргізілуде.
– Есірткі қылмысына қарсы күрестің атқарылып жатқан шаралары туралы тоқталсаңыз?
– Республика көлемінде өткізілетін жыл сайынғы «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы, аудан көлемінде есірткі алқаптарын егіп-өсіру деректерін болдырмау, есірткі заттарын өткізудің, сақтау, тасымалдау деректерінің алдын-алуы көзделуіне байланысты, аталған іс-шараға дайындық жүргізу барысында Сырдария ауданының прокуратурасы, аудандық әкімдік пен аудандық полиция бөлімдерінің келісімімен үш жақты Меморандум жасалып, бекітілді.
Осыған сәйкес, кент, ауыл әкімдері, жер қатынастар бөлімі, орман шаруашылығы, жануарлар әлемі инспекциясы, ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан атқарылуы тиіс іс-шаралар бекітіліп, аудан тұрғындары жер қатынастар бөлімінен алынған барлық шаруашылық иелеріне мемлекет тарапынан бөлінген жерлерін мақсатқа сәйкес пайдалануын, ұдайы тексеріп отыру бойынша міндеттемелер таратылып, тұрғындар өздеріне тиесілі жер учаскелерін негізсіз, яғни сол жерде есірткі алқаптарын егіп өсіру деректері анықталған жағдайда мемлекет пайдасына тәркілеу бағытында, жер қатынастар бөліміне ұсыныстар берілетіндігі жөнінде алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Далалық аймақтарды аралау, заңмен тиым салынған сора өсімдігін өсіруге қолайлы далалық жерлерді, яғни қалың шеңгелдер, жиделер, жыңғылдар арасы мен канал жиектері араланып, аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтары тексеріліп, міндеттемелер таратылды, сондай-ақ аталған аймақта бөгде жеңіл не жүк автокөліктері байқалған жағдайда мемлекеттік белгі және басқа да ерекшеліктерін хабарлау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан әкімдігіне адам және көлік құралдары жүруге мүмкіншілігі жоқ жерлерге «дрон» құрылғысы арқылы тексеруді және есірткі қылмыстарына қатысты анықталған егістік алқаптарының, шаруа қожалықтарының орналасқан жерлері бойынша координаттарын нақтылау үшін JPS-навигаторын бөлуге ұсыныс берілген, қазіргі уақытта аталған мәселе қаралуда.
Қылмыстық ахуал мен профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында облыстық прокуратурамен әзірленген «Есірткісіз аймақ» жобасын іске асыру жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыру жөнінде 3 жақты, яғни аудандық прокуратура,аудандық әкімдік пен аудандық полиция бөлімдерімен жұмыс тобы құрылып, жоспар бекітілді.
«Есірткісіз аймақ» жобасының негізгі мақсаты есірткінің таралу жолдарын анықтау жолын кесу, сонымен қатар тұтынушылардың шоғырлануы ықтимал жерлерді, есіркті құралдарын тұрақты түрде тарату немесе тұтыну орындарын анықтауға бағытталған жоба. Осы жобаны іске асыру үшін аудандық әкімдік пен полиция бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың маусым айының 06-07 күндері аралығында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун, А.Тоқмағанбетов және С.Сейфуллин ауылдарынаралап, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендерді аралау кестесіне сәйкес алдағы аптадан бастап қалған елді мекендерді тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сырдария ауданы көлемінде есірткіге қарсы күрес саласының көрсеткішіне келер болсақ, 2023 жылдың маусым айының 15 күнінде 1-ден 0-ге төмендеп, тіркелуі 100,0% құрап, есірткі алқаптарын егіп-өсіру деректерін болдырмау, сақтау, тасымалдау деректері анықталмағаныменен,есірткі психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (ҚР ҚК 296-бабының 4-бөліктері) бойынша 1 дерек Шіркейлі ауылының тұрғыны (ҚР ҚК 296-бабының 2-бөліктері) бойынша 1 дерек Қоғалыкөл ауылының тұрғындарынан анықталып, заңды шешім қабылданды.
Дегенмен айта кететін жәйіт, 2022 жылдың 12 айында аудан көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс қимыл бойынша барлығы 16-дерегі анықталған. Оның ішінде есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (ҚР ҚК 296-бабының 2,3,4-бөліктері) бойынша 9 дерек, ал құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру(ҚР ҚК 300-бабының 1,2-бөліктері) бойынша 7 дерек орын алды.
Оның ішінде есірткіні заңсыз сақтау, Шаған ауылының тұрғынынан ірі көлемде сақтау дерегі бойынша 1-дерегі анықталған. Есірткі заттарын егіп өсірудің - 7 дерегі анықталып (А.Тоқмағанбетов-2, Іңкардария -1, Амангелді-1, Тереңөзек-1, Ақжарма-1, Амангелді -1), 4-дерегі бойынша процессуалдық шешімдері қабылданып, сотқа жолданған. Қалған 3-дерегі бойынша күдікті тұлғаларды анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған 16 деректің 13-сотқа жолданған, 3-мерзімі үзілгеніменен жедел іздестіру іс-шаралары жүгізілген.
Қазіргі таңда есірткі заттарын өткізу, заңсыз дайындау тасымалдау, аса ірі мөлшерде сақтау деректерін анықтау мақсатында бөлімнің жедел уәкілдерімен УПИ-ры бірлесіп, соңғы 5 жыл көлемінде JPS нүктелері арқылы анықталған есірткі алқаптары бойынша координаттар қолымызда болғандықтан, қайта тексеру жұмыстары жалғасын табуда.
– Аудандық полиция бөлімі тарапынан алдағы уақытта жұмысты күшейту мақсатында қандай ұсыныс-тілектеріңіз бар?
– Жоғарыда көрсетілген барлық фактілерді, мысалдарды және зерттеулерді ескере отырып, келесідей ұсыныстарымыз бар.
Біріншіден, саяжайларда полицияның тұрақты тұруға мүмкіндігі қарастырылған учаскелік полиция пунктін ашу қажет. Екіншіден, пилоттық аумақ әкімдіктерімен малды кезекпен немесе жалдамалы бақташымен бағуды ұйымдастырып, уақытша ұстауға бейімделген қоралар қарастыру қолға алынса. Үшіншіден, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» қағидаларына сәйкес, есепке алынбаған малдарды ветеринариялық паспорттаудан өткізу керек. Төртіншіден, көше-жол тораптарының инфрақұрылымын жақсарту қылмыстың алдын алудың бірден бір іс-шарасы. Сонымен қатар ІТ-PARK жастарының қатысуымен, осы саладағы білімді жастарды тартып кибереріктілер тобын құруды қолға алсақ. Сондай-ақ қылмыстық жазадан босатылғандарды жұмыспен қамту тәсілдерін қайта қарап, жаңа жолдарын әзірлеу ұсынамын. Аудан көлеміндегі көпқабатты үйлердің аулаларына, кәсіпкерлік нысандарға (базар, сауда орталықтарына, ойын-сауық, ет сататын дүкендерге, темір қабылдайтын орындарға) бейнекамералар орнату да өзекті. Саяжайлардың статусын ескеріп, қаржыландыру мәселесін шешу, мектеп психологтарына балалармен жұмыс жасау үшін сағаттар қарастыру атқарушы билік тарапынан бірлесіп атқарылатын мәселелер. Аталған ұсыныстардың және басқа да қауіпсіздік шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар бекітуді ұсынамын.
Алдағы уақытта ведомствоаралық топтың бастамаларына қолдау көрсетіліп, зерделенген мәселелер бойынша ұсынылған шаралар назарға алынып, жүзеге асырылса, қауіпсіз қоғамның қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.