Kyzylorda-news.kz   Тереңөзек кентінен сәрсенбінің сәтті күні «Отбасы банкі» Қызылорда облысы бойынша филиалының кеңес беру орталығы ашылды.

Бүгінде өз қызметіне кіріскен кеңес беру орталығына Қызылорда облысы «Отбасы банкі» АҚ филиалы Сырдария ауданы бойын­ша арнайы 8 маманды бекіткен. Әрбір маман күн сайын кезекшілік кестеге сәйкес аудан тұрғындарына аптаның 5 күнінде кеңес беруге келеді. Сонымен қатар аудан бойынша арнайы маман Дінмұхаммед Қайырбеков тұрақты жұмыспен қамтылса, екі маман іс тәжірибеден өтуде.

– Бүгінгі таңда Сырдария ауданы бойынша «Отбасы банкі» АҚ орталығы ашылып, жергілікті тұрғындарға кеңес беру қызметін бастады.Филиал тарапынан мамандардың жұмы­­сын үйлестіруге аға кеңесші Алмат Сағат­бекұлы бекітілген. Алдағы уақытта аудан тұрғындары тұрғын үй мәселесі бойын­ша толғандырған сауалдарына мамандар сапалы жауап беретініне сенім білдіреміз, – деді «Отбасы банкі» Қызылорда облысы бо­йынша филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.

2020 жылдың 20 желтоқсанда «Қазақ­стан­ның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелген.

Айта кетейік, аудан бойынша «Отбасы банкінен» 7 мың тұрғын депозит ашып, соның ішінде 313 адам тұрғын үйін жақсарту мақсатында несие алған.

– «Отбасы банк» АҚ – бүгінде еліміздегі тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк. Біздің банктің ұраны: Әрбір қазақстандықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Өткен жылғы Прези­дент Жолдауына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз етуде аудандарға, моно­қалаларға және ауылдарға басымдық беру керектігі жөнінде айтқан болатын. Аудан­­дар­дан 2024 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап тұрғын үй салынатын болады. Кеңес беру орталығының негізгі мақсаты – тұрғындарға баспана алу үшін депозиттік шотқа қанша қаражат салу керек, үйді алғаннан кейін төлем қабілетін өтеу үшін табыс қанша болу қажеттігі жөнінде, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен алынатын үйлер жайында аудан халқына кеңес беру. Осы себепті Сырдария ауданынан филиал ашылуда. Яғни, аудан халқы Қызылорда облысындағы филиалға бармай-ақ, осы жерден тұрғын үйге қатысты сауалдарына жауап алатын болады, – деді аға кеңесші Алмат Сағатбекұлы.

Тағы да оқыңыз: