Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы бойынша өткен жылы бірнеше ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл ретте, өскелең ұрпақты спортқа бейімдеу мақсатында футбол, волейбол секілді спорт түрлеріне арналған ойын алаңда «Балалар жылы» аясында жүзеге асты. Жақында Тереңөзек кенті әкімдінің қолдуымен Иса Тоқтыбаев көшесі бойындағы балалар ойын алаңына орташа жөңдеу жұмыстары жүргізіген болаты.
Ойын алаңы негізінен бірнеше жыл бұрын балалар үшін арнайы салынған. Тозығы жеткен ойын алаңын қалыпқа келтіру үшін кент әкімдігінің мамандары тартылды.
– Құрметті кент тұрғындары балалар үшін салынған және жаңартылған ойын алаңдарын күтіп ұстауда жаңашырлық танытып, ұқыпты қарауды сұраймыз. Алдағы уақытта балалар ойын алаңдарын салу ойда бар. Демалыс уақытында балалар көбіне ойын алаңдарынан табылады. Сондықтан мүлікті күтіп ұстау – маңызды рөл ойнайды. Әрине, балалардың қауіпсіз әрі сапалы ойын алаңдарында ойнауына ата-аналар жауапкершілікпен қараса. Қашанда балаларға ойын алаңында орналасқан мүлікті күтіп ұстау керектігін ескертсе дейміз. Шындығында, бірінеше жөндеуден өткен ойын алаңы ұзақ мерзімде балалар игілігіне жараса деген тілегіміз бар, – деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.
