Kyzylorda-news.kz.   Сырдария ауданы бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 1190-і құрайды.  Оның ішінде I топ – 112, II топ – 324, III топ – 496, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 258 болып табылады. 

Айта кетейік, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық оңалту құралдары мен қызмет түрлері «Әлеуметтік қызметтер порталы жүйесі» арқылы көрсетілуде. Аталған жүйенің мүмкіндігі шектеулі жандарға 2023 жылдың 1 маусымына 953 мүгедектігі бар адамдарға өтініштеріне сәйкес портал арқылы тапсырыс берілді. Оның ішінде: протезді- ортопедиялық құралдарға – 105, техникалық көмекші құралдарға – 626, санаторий-курорттық емделуге – 85, жеке көмекшімен – 125; ымдау тілі маманының қызметімен – 12 адам қамтылды. Аталған тапсырысты мүгедектігі бар адамдар электрондық цифрлық қолтаңба арқылы порталда өз таңдаулары бойынша жасады.

 Қазіргі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Біздің бөлім тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау, олардың арнайы мамандармен қамтамасыз ету, жәрдемақыларын уақытылы алуға жағдай жасау бойынша білікті қызметкерлер жұмыс жүргізеді. Шын мәнінде, 1190 мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына көңіл бөлу – маңыздылығын жоймайды. Расында, әрбір мүмкіндігі шетеулі жанның материалдық базасын жақсартуға жағдай жасау өз тиімділігін көрсетіп келеді. Есту аппараттары, көру, жазу құралдары, арнайы қол арбалар мүмкіндігі шектеулі жандарға беріліп отырады, – деді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев.

a0f86854-6398-40a2-aea3-0ac602b2a00c.jpg

Тағы да оқыңыз: