Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Байдушев аудан көлеміндегі БАҚ өкілдеріне арналған отбасы күні мерекесін өткізу, отбасы құндылығын насихаттау, аудан көлеміндегі әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ақпарат алмасу мақсатында брифинг өткізді.

Брифингте аудан әкімінің орынбасары ауданда осы күні 37821 халық тұратынын айтты. Халық санының 48 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет атқарады. – «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған «Жас отау» клубы және «Әжелер мектебі», аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Еркежан» қыздар клубы жұмыс жасайды. Отбасы құндылықтарына, ана мен бала мәселелеріне байланысты бұл ұйымдардың жұмыстарының айтарлықтай маңызы бар. Аудандық қоғамдық даму бөлімімен жыл сайын «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүргізілуде. Аудан деңгейінде 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілу мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. 2014-2022 жылдар аралығында аудан көлемінде 100 жуық отбасылардан өтінім келіп түсті. Бұл мерейлі іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Бұл отбасылардың барлығы да ұрпағына ұлағат дәнін сеуіп, ынтымағы жарасқан әулеттер. Биылғы жылға ұлттық конкурстың құжаттарын қабылдау 15 мамырдан бастау алғанын хабарлап өткен жөн. Ағымдағы жылдың  маусымына дейін құжаттар қабылау жүргізілетін болады, – деді Димаш Серікбайұлы. Айту керек, ауданда халықаралық отбасы күніне орай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастырумен сазгер, «Ритм» халықтық-вокалды ансамбілінің мүшесі Серік Байдәулетовтің отбасымен «Отбасым – өнер ордасы» атты сыр-сұхбаты өтті. Сонымен қатар білім беру мекемелерінде «Менің отбасым» суретшілер конкурсы, «Толағай» отбасылық сайысы, денсаулық сақтау саласында «Ашық есік күні», жастар ресурстық орталығымен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
 

Тағы да оқыңыз: