Kyzylorda-news.kz.  Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Қазақ халқы қашан да отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. Осы бағытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы байқауының мәні мен маңызы зор.

Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.

Комиссия шешімімен байқаудың облыстық кезеңіне Тереңөзек кентінің тұрғындары Әшірбековтер отбасы және Шаған ауылының Үмбетаевтар отбасы жолдама алды. Ал, Қалжан ахундық Бөдеевтер отбасы жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Сондай-ақ қалған отбасылар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Қазақ халқы үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Отбасының бірлігі – отанның беріктігі, ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы, ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен иманды-лықтың бастау бұлағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әрбір отбасын сақтау – отанымыздың берік болуының кепілі. Олардың әрқайсысына тұтастық пен татулықтың дәстүрін орнықтыруымыз керек» деп айтқан болатын. 2014 жылдан бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы құндылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыз¬дылығын насихаттауда орны ерекше, тағылымды шара. Бұл байқауға қатысқан отбасылардың барлығы да – нағыз мерейлі жеңімпаздар деуге негіз бар.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің маңызын айқындаған. «Отан отбасынан басталады» дейді. Ендеше Отанның бір бөлшегі отбасы – баға жетпес құндылық.

– Біздің отбасымыздың жеңіске жеткеніне бек қуаныштымыз. "Мерейлі отбасы" ұлттық жобасының негізі қаланған күннен бастап, біршама отбасылар жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Бізде аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтынымызға қуаныштымыз. Әрқашан отбасымызды мақтан тұтамыз. Қашанда ұлт бірлігін сақтауда отбасы құүндылығы жоғары тұратыны сөзсіз. Әулеміздің іргесін берік қылып, отбасындағы балаларымызға ақыл-кеңесімізді айтудан жалықпаймыз , –  деді кент тұрғыны Абылай Әшірбеков.  

Айта кетейік, аталған байқауға қа¬тысуға өтінім берушілер қатары жыл санап артып келеді. Биылғы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінде кент және ауылдық округтерден барлығы жиырма екі жанұя өз құжаттарын өткізген. Байқауға өнерімен өрге жүзген, тамырын тереңге жайған мәуелі бәйтеректей болған өнегелі отбасылар өз жанұясын таныстыратын портфолио дайындап, өтінім беріп қатысқан. Қатысушылар арасында көпті көрген отбасылармен қатар жас шаңырақ иелері де бар. Арнайы комиссия мүшелері негізгі талаптарға баса мән бере отырып, байқау жеңімпаздарын және облыста аудан намысын қорғайтын жанұяны анықтаған. Сонымен қатар, дәстүрлі жобаның ұйымдастырылып келе жатқанына биыл оныншы жыл екенін де айта кету орынды. Сөз соңында аудан намысын облыста қорғайтын Әшірбековтер және Үмбетаевтар отбасына сәттілік тілейміз.

– Ақдәулет Үмбетайұлы әкеміздің әулеті құлашын кеңге жазған берекелі отбасы. 16 жасында әулетке келін болып түскен, 42 жасында жесір қалған анамыз Ибагүл Шәкірқызы 13 перзентін тәрбиелеп, өсіріп жэеткізген. Әрине, анамыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырып жеткізген ардақты, асыл жан ретінде белгілі. Бүгінде анамыз  82 жаста. Әкеміз екеуі құрған үлкен шаңырактың шамшырағы. Үлкен шыңырақта кенже ұлы Азаматтың отбасымен бірге тұрады. Өз кезегінде аудандық байқауда ІІ орын алғанымызға дән ризамыз. Ел-халықтың алдында құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс айтамыз, – деді мемлекеттік қызмет ардагері Ұмытпас Бәйдәулетов.

 

Тағы да оқыңыз: