Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы әкімдігі мен Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірлесіп, «Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есепшілері және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарының қатысуымен семинар өткізген болатын.

Аталған семинарды аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ашып, жүргізіп отырды. 

Семинар кеңесте күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Ілкібаев және сатып алуларға талдау жасау бөлімінің бас маманы Б.Нұрмаханов, ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Т.Абенов баяндама жасады. Сонымен қатар сала мамандарына мемлекеттік сатып алуға байланысты жұмыстар бойынша бағыт-бағдар берілді. 

Шын мәннде, аудан бойынша мемлекеттік салып алу қызметімен айналасатын сала мамандарының сауатын арттыру – маңызды рөл ойнайды. Бұл ретте,  аталған сала жауап беретін басқарманың атқаратын қызметі сан алуан. Әрбір ауданның өзекті мәселелерін тізбектеп, шешілу жолдарын қарастырып отыр. Өз кезегінде сала басшыларына алғысымыз шексіз, – деді аудан әкімінің орынбасары.  

Өз кезегінде сала мамандары жұмыс барысында кездесетін мәселелер мен ұсыныстарды талқылап, семинарға қатысушылармен өзара пікір алмасты.

 

Тағы да оқыңыз: