Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еспенбетов Роллан Манарбекұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және 2023 жылы 5 айында жүргізілген мониторингте орын алған кемшіліктерді талқылау жөнінде семинар өтті. 

Семинарға облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Жұмабаева Жанбота Дүйсенқызы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Ақылбеков Нұрсұлтан Асылханұлы, ауылдық округі әкімі аппаратының және дербес бөлімнің мамандары қатысты. 

Семинарда аудан әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Е.Беймбетов “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру”бағытында атқарылған жұмыстары және жүргізілген мониторингте орын алған кемшіліктер туралы баяндама жасады. 

Жергілікті халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы орындауда ауданда көлемінде орын алған кемшіліктер дер кезінде жойылуы тиіс. Біз ұдайы халықтың назарындамыз. Атқарушы билік өкілдерінің жұмысы қай кезде де, таразыға түсетіні жасырын емес. Әкімдік пен дер бөлім, ауыл әкімшілігі, тиісті салалалық мекемелер бүгінгі семинарда меңгерген әдіс-тәсілді жұмыс барысында қолдану керек. Сондықтан сала мамандарының ескертпелерін әрбір қызметкер назарда ұстағаны жөн. Ауданның мерейі – бәріміз үшін ортақ. Семинар барысында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мән берілді. Алдағы уақытта мамандарымыз облыс әкімі аппаратының мамандарымен бірлесіп жұмыс деген сенімдеміз. Қай кезде де, біз өз мамандарымыздың білімін жетілдіруден жалықпаймыз, – аудан әкімінің орынбасары.   

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Ж.Жұмабаева “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен мерзімі” бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тағы да оқыңыз: