Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің отырысы өткізілген болатын.

Аталған отырыста аудандық кеңестің төрағасы Марат Еспенбетов, қоғамдық кеңестің мүшелері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Нұржан Сүлейменов «Zoom» арқылы қатысты.

Қоғамдық кеңесте Сырдария аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Аймаханов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаевтың мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы баяндамасы тыңдалды.

– Мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату – маңызды рөл ойнайды. Қазіргі уақытта азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау керек. Бүгін біздер қос бөілімінің қызметін саралап, өз ойымызды ортаға салдық. Екі салада халыққа етене жақын. Өз кезегінде қос саланы өркендету үшін кәсіби мамандарды қызметке тартуымыз керек. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің мәртебесін көтеріп, ұдайы тәжірибесін шыңдау – күн тәртібінен түспейді. Әрбір бөлім басшысы қарамығында бағынысты маманның кәсіби біліктілігін шыңдауы тиіс, – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов.     

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті ұсыныстар берілді.
 

Тағы да оқыңыз: