Бүгін бірқатар өңірлерде шығып қалған мәслихаттардың депутаттарының орнына сайлау өтеді. Қызылорда облысы бойынша науқан Сырдария ауданында ұйымдастырылуда.

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 2 сайлау учаскесінде дауыс беру қызу жүруде. 
Учаскеге таңмен таласа алғаш келген азаматтарға арнайы сыйлықтар берілуде.

Учаскелерде сайлауға қатысатын 15 мүгедектігі бар азамат бар.
Көру қабілеті қиын сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар берілді.

Саяси науқанда 82 азамат тасымалдан жәшік арқылы дауыс беруге өтініш жазған. Оның 64-і А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне қарасты елді мекендер мен саяжайлар, 18-і №154, №158 сайлау учаскесінің аумағында тұратын сайлаушылар.

Еске салайық, шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауында 1893 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Тағы да оқыңыз: