Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданындағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Ақжарма-2» шаруа қожалығы егінге орақ түсірді.
Ел ырысы болған егінді ору науқанына арналған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, шаруашылық төрағасы М.Бисенов және еңбек ардагерлері қатысып, егіншілердің қуаныштарымен ортақтасты.
«Ақжарма-2» шаруашылығында биыл 1172 гектар жерге күріш, 120 гектарға бидай егіліп, 162 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған.
Жалпы, аудан бойынша егілген егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға артып отыр. Атап айтқанда, 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 23811 гектарға күріш, 12232 гектарға басқа дақылдар егілді.

