Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында әлеуметтік мәселелер бойынша айналасатын арнайы бөлім бар. Яғни, тәжірибелі басшы Мақсұт Қаратаев басқаратын Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмысы қай кезде де қауырт. Сан саланы қамтыған бөлімнің мамандары халықтың әл-аухатын жақсартуға барын салып келеді.
Өз кезегінде аталған бөлімнің осы жылдың І ауысымында атқарылған жұмыстары біршама. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы негізінде бірқатар жұмыстар жүргізілді. Айта кетейік, «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» тетігі бойынша - 36 адам грант иегерлері атанса, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 32 адам жолданды. Сонымен қатар «Жастар тәжірибесіне» 28 жас маман, «Қоғамдық жұмыстарға» - 772 адам, «Алғашқы жұмыс орындарына» 2 адам, «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 1 адам, «Күміс жас» бойынша 44 адам жұмысмпен қамтылды.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан жергілікті тұрғындарға сан түрлі қызмет ұсынылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша қолдаумен қатар, азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі – күн тәртібінен түспейді. Біз қашанда аудан тұрғындарына құқұқтық кеңес беріп, бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Қазіргі уақытта «Күміс жас» бағдарламасы көпшілік сұранысына ие. Шын мәнінде мемлеткеттік бағдарламаларды тиімді бағытта азаматтарға түсіндіре алуымыз керек. Сонда жастар мен ересектерді жұмыспен қамти аламыз. Айта кететін жайт, жергілікті тұрғындар бизнеспен айналысам деген жағдайда қайтарымсыз гранттарға ие бола алады, – деді бөлім басшысы Мақсұт Қаратаев.