Kyzylorda-news.kz. Серпінге толы Сырдария ауданында құрылыс саласы айрықша қарқынмен жүзеге асуда. Газ, ауыз су, жол, инфрақұрылым, секілді маңызды салаларда елеулі өсреіс бар. Өз кезегінде Сырдария ауданы бойынша атқарылған жұмыстарды саралауды жөн көрдік.

Сырдария ауданында жер қоры 4 260 635 гектарды құрап отыр, оның ішінде ауданның негізгі әкімшілік аумағының көлемі – 2 904 533 гектар болса, 1 356 102 гектарын Ұлытау облысы, Ұлытау ауданынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған жерлер құрайтындығын айта кетейік. Негізінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлер,  378 640,8, елді мекен жерлері 10 357,04, Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 140 364,53, орман қорының жері 481 711, су қорының жері 18 625, босалқы жерлер 3 230 937 гектарды құрайды.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мен  нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып пайдаланылған жерлердің ауқымы зор.

2023 жылдың 12 айында жалпы көлемі – 53561,3 гектар болатын 34 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі мемлекеттік арнайы жер қорына қайтарылса, 2024 жылдың 4 айында аудан бойынша жалпы көлемі – 5250 гектар  құрайтын 6 учаске меншік иелерінің өз өтініштеріне сәйкес және пайдалану мерзімі аяқталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі – 677,0 гектарды(жайылымдығы – 603,0 гектар) құрайтын 11 жер учаскесі бойынша Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне қолданыстағы заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдап, мемлекет меншігіне қайтару мақсатында жолданды. 2024 жылға облыс әкімінің орынбасарымен облыс бойынша пайдалылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ішінен жалпы көлемі 70 000 гектар жер учаскесін қайтару жоспарланса, оның ішінде, Сырдария ауданы бойынша 10 000 гектар жер учаскесін қайтару жоспарланып, бекітілді.

Аудан бойынша жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатында айналымына енгізу жұмыстары бойынша тиісті іс-шаралар атқарылған.

2023 жылы конкурс арқылы жалпы көлемі – 3589,0 гектарды құрайтын 16 жер учаскесі ауданның босалқы жерлері санатынан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілсе, жалпы көлемі – 4420 гектар болатын 11 жайылымдық жер учаскесі шалғайдағы (маусымдық жайылымдар) мал шаруашылығы үшін 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен азаматтарға табысталды. 2024 жылы конкурс арқылы жалпы көлемі 10 000 гектар болатын жер учаскелерін ауданның босалқы жерлерінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына айналымға алу жоспарлануда. 2024 жылы жалпы көлемі – 7600,77 гектар болатын 14 жайылымдық жер учаскесі шалғайдағы (маусымдық жайылымдар) мал шаруашылығы үшін 5 (бес) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен азаматтарға табысталып,ауданның босалқы жерлері санатынан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

ҚР мемлекеттік мүліктер тізілімінде сауда-саттыққа (аукционға) шығарылған жерлер бойынша жұмыстар жүргізілді.

2023 жылы жалпы көлемі – 7,536 гектар болатын «үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін» табысталатын 79 учаске бойынша ауданға қарасты елді мекен жерлерінен «E-qazyna» ҚР мемлекеттік мүліктер тізілімінде сауда-саттыққа (аукционға) шығарылып, жалпы көлемі - 5,4 гектар болатын 72 жер учаскесі жеке және заңды тұлғаларға құны 
7 488 798 теңгеге сатылса, 2024 жылдың 4 айында жалпы көлемі – 1,0 гектар болатын 41 учаске сауда-саттыққа шығарылып, нәтижесімен 1 527 132 теңгеге сатылды.

   Жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар сайдағыдай атқарылған.  ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес 2023 жылы 922 мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша қызмет түрі көрсетілсе, 2024 жылдың 4 айында 372 мемлекеттік қызмет көрсетілгені мәлім.

Бүгінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 2023 жылы және 2024 жылдың осы кезеңіне дейін төмендегідей жұмыстар атқарылды. 2023 жылы аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 99 %-ды, кент және елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 76 %-ды құрады. 2023 жылға аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға  3,4 млрд (3454,6) теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде облыстық маңызы бар 2 жобаға республикалық бюджеттен «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» жолын орташа жөндеуге 1,3 млрд теңге және «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолына 687,6 млн. теңге бөлініп барлығы 42 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасымен 12 жобаға 488,7 млн теңге, ОБ-тен – 15 жобаға 853,5 млн теңге, АБ-тен 3 жобаға 88,3 млн теңге қаржы бөлініп, 36,7 шақырым жол жөнделді. Биылғы жыл  бойынша бүгінгі күні «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3 жобаға 641,6 млн теңге, аудандық  бюджеттен 1 жобаға 247,0 млн теңге, барлығы 888,6 млн теңге  қаржы бөлінді. Бүгінгі күні жоба құны 299,8 млн тг құрайтын Қоғалыкөл елді мекеніндегі  ұзындығы 2,8 км 6 көшелерді күрделі жөндеу бойынша мердігер мекемемен 5 көшеге асфальт жабындысы төселген. Қазіргі таңда Шымбай көшесін асфальттауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Негізінен, Мақсұм, Құнанбаев, Айзунов, Есмахов, Шымбай, Майқанова көшелері бойынша Қызылорда Жолдары ЖШС, техникалық қадағалаушы - SD ПРОЕКТ Консалтинг» ЖШС болып табылады. Жоба құны 188,5 млн теңге құрайтын С.Сейфуллин  елді мекеніндегі көшелерін күрделі жөндеу жобасы бойынша мердігер мекемемен  ұзындығы 3,3 км 6 көшеге тас төсеу жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу басталуда. Қосбармақұлы, Бәйтен батыр, Шортанбай би, Аханов, Сәрке батыр, Қарлыбай Орда Автодор» ЖШС, техникалық қадағалаушы - Qazaqstan Expert” ЖШС  болып табылады.  Жоба құны 153,2 млн теңге  құрайтын Қалжан ахун елді мекеніндегі ұзындығы 1,8 км Қайқы батыр көшесін күрделі жөндеу жобасы бойынша автомобиль жолымен жаяу жүргіншілер жолына асфальт жабындысы төселді, қазіргі таңда жол жиегіне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.  Орда Автодор» ЖШС, техникалық қадағалаушы - Qazaqstan Expert” ЖШС  жұмыс атқаруда. Жоба құны 247,0 млн теңге құрайтын ұзындығы 3,6 км құрайтын Тереңөзек кенті көшелерін күрделі жөндеу жобасына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Б. Момышулы 7, Б. Момышулы 8, Бодеева, Оразбаева,Тансыкбаев, Актам, Байтұрсынов көшелерін жүргізу жасалады.

2023 жылы бірінші кезекте қажетті Іңкәрдария және Шаған елді мекендеріне  2 дана (25 м3) су мұнарасы және Тереңөзек кентіне 1 дана (50 м3) су мұнарасына облыстық бюджеттен 19,0 млн. теңге және С.Сейфуллин елді мекеніне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3), Тереңөзек кентіне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3) 2023 жылға жергілікті бюджеттен 11,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Техоснастка» ЖШС-гі арқылы ауыз сумен қызмет көрсетуші мекемесіне 5  дана су мұнаралары «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне тапсырылып,аталған мекеме арқылы аталған елді мекендерге су мұнаралары орнатылды.

Өткен жылы  Тереңөзек кенті, Сейфуллин, Шаған, Қоғалыкөл, Іңкәрдария елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау объектісі бойынша жұмыс жобасын ғылыми-техникалық өнімдер кешенін орындауға» жергілікті бюджеттен 11,0 млн теңге бөлініп, жобалаушы мекеме «ГИИЗ» ЖШС-гі арқылы жобалар әзірленді. Жобалардың құны: 446,8 млн теңге. Сонымен қатар, Тереңөзек, Шаған, Қоғалыкөл елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау объектісі жобаларын облыстық бюджеттен қаржыландыруға 207,0 млн теңгеге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024 жылға өтінім ұсынылды. 2024 жылға С.Сейфуллин, Іңкәрдария елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау объектісі жобасына жергілікті бюджеттен 117,9 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі аталған жобаның құрылысын жүргізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруға дайындық жұмыстары атқарылуда. 2024 жылға Қоғалыкөл, Н. Ілиясов, Шіркейлі, Аманкелді  елді мекендеріне 4 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3) жергілікті бюджеттен  21,6 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемені анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.   2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасының құны – 330, 5млн. теңге, 2023 жылға республикалық бюджеттен 297,9млн теңге, облыстық бюджеттен 31,6 млн. теңге қаржы бөлініп, газдандыру жұмыстары аяқталып, елді мекен толығымен газдандырылды. Жоба құны – 514,8 млн. теңгені құрайтын А. Тоқмағанбетов елді мекенін газдандыру бойынша (келісім-шарт құны- 488,5 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге бөлінді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 28,8 млн теңге бөлініп, барлығы 22,8 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, бүгінгі таңда газ құбырларына тазалау жұмыстары жүргізілуде. (жобаны толық аяқтауға қалған қаржысы – 339,7 млн теңге, орындалуы – 90 пайыз. Жоба құны – 447,5 млн теңгені құрайтын  С.Сейфуллин елді мекенін газдандыру бойынша (келісім-шарт құны- 424,6 млн.теңге) 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы бөлінді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 50,0  млн. теңге, облыстық бюджеттен 22,2  млн.теңге бөлініп, барлығы 25,8 шақырым газ құбыры тартылып, бүгінгі таңда газ құбырларын біріктіру жұмыстары жүргізілуде. (жобаны толық аяқтауға қалған қаржысы – 332,2 млн теңге, орындалуы – 90  пайыз.)                                  

Сонымен қатар, жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарын бастауға  2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына жариялауға тиісті құжаттары ұсынылып қойылған  және аталған жобаны толық аяқтау үшін 2024 жылға 1,0 млрд теңгеге, 2025 жылға 1,3 млрд теңгеге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.    

Газдандыру бойынша ұсынылған жобалар бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.  Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2024 жылға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды.        Анықтама ретінде: 2023 жылы Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жұмыстарына 10,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС-гі анықталды.Келісім-шарт құны- 602,1 млн.теңге. Аталған жобаның құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын Ақжарма елді мекенін газдандыру жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2025 жылға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамтуға 2023 жылға 1,1 млрд теңгені құрайтын жобасына 2023 жылға  республикалық  бюджеттен 150,0 млн  теңге, облыстық бюджеттен 77,3 млн теңге барлығы: 227,3 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС-гі арқылы 613 дана бағана орнатылып, 19,7 км жерге ВЛ-0,4 кВ әуе желілері жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болып танылды.Осыған орай, аталған жобаға 2024 жылға республикалық бюджеттен 865,6 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні жоба бойынша ВЛ-10 КВ желісі және ВЛ-0,4 КВ желілері толығымен жүргізіліп, 21 КТПН орнатылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге электр желілері тарту жұмыстары жүргізілуде. Анықтама ретінде: «Энергомера» ЖШС-гі, техникалық қадағалаушы Нурай – Сервис» ЖШС. 2023 жылы Сырдария ауданының орталық аурханасы оңалту бөлімшесінің қазандығы ғимаратын реконструкциялау жобасының құны -  66,7 млн.теңге қаржы бөлініп, 2023 жылдың  27 желтоқсанында қабылдау актісімен қабылданды. «Ботагөз» балабақшасы ғимаратының бу қазандықтарын газ отынымен қайта жабдықтау жобасының құны -  29,7 млн теңге қаржы бөлініп, 2023 жылдың  15 қазанында  нысан газға қосылды. Жоба құны – 55,3 млн теңгені құрайтын «№131 орта мектеп ғимаратының жылыту қазандығын газ отынына қайта жабдықтау» жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024 жылға өтінім ұсынылды

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үйге мұқтаж азаматардың есебін жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрғын үй беру қызметі саласы бойынша атқарылған жұмыстар баршылық. 2023 жылы коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша Тереңөзек кентінде салынған 40 тұрғын үйлерді кезектілікке сәйкес 80 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына пайдалануға берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде  бүгінгі күнге, барлығы 543 азамат тұрғын үй кезектілігіне алынған.

Оның ішінде, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты» бойынша 195,

Көп балалы отбасылар санаты бойынша – 165;

«Мемлекеттік қызметшілермен бюджеттік ұйымның қызметкерлері санаты» бойынша 111;т«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 34;          «Жалғыз тұрғын үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша 38 болып табылады.

Тереңөзек кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы көшесіндегі №19, 32, 36, 38 және А.Иманов көшесіндегі №37, №25 қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 44,2 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелермен келісім шарт жасалынды. Сонымен қатар, облыстық энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы  А. Иманов көшесіндегі № 31, А.Алиакбаров көшесіндегі № 28, № 44 көппәтерлі үйлерді жөндеуге 37,0 млн теңгеге Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне өтінім ұсынылды.

2023 жылы елді мекендер мен Тереңөзек кентінің жол таңбасын сызу және жол белгілерін орнату мен күтіп ұстау қызметі бойынша мердігер мекемемен («Жанкент компаниясы» ЖШС) 13,7 млн теңгеге келісім шарт жасалып, аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес кент және елді мекендерде 300 дана жол белгілері орнатылып, кент аумағында 45 км жол таңбалары сызылды. Сонымен қатар, жылдамдықты мәжбүрлеп азайтуға арналған жасанды тегіс-еместік қондырғылар Шаған ауылындағы № 37 мектеп алдына 2 орынға, Тереңөзек кентіндегі № 131 мектеп алдына 2 орынға қойылып орнатылды. Н.Ілиясов елді мекеніне кіре-беріс аумақта 20 дана жол белгілері (сигналдық бағана) орнатылды. 2024 жылға аталған қызметке аудандық бюджеттен 19,9 млн теңге бөлініп, мердігер мекемемен "Строительный контроль" ЖШС-мен келісім-шарт жасалынды. Жоба бойынша кент көшелеріне жол үсті таңабалары сызылатын болады және 220 дана жол белгілерін қою, ескірген 120 дана жол белгілерінің басын ауыстыру, кент және елді мекен көшелерінде 75 погонный метр жасанды бұдырлық орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

Жайлы мектеп жобасы бойынша Тереңөзек кентінде 300 орындық мектеп құрылысы енгізілген. Жобаның үйлестірушісі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ. Осы ретте, мектеп құрылысы үшін жер учаскесін сәйкестендіру мақсатында «Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 02.11.2023 жылы аудан әкімдігінің № 281 қаулысы қабылданып бүгінгі күні аталған қаулыға сәйкес Тереңөзек кенті, А. Құнанбаев көшесі бойынан 36 меншік иесінен жер учаскесі және өзге де жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге аудандық бюджеттен 279,6 млн теңге қаржы бөлініп, 31 тұрғындармен келісім шарт жасалып, 93.3 млн теңге игеріліп, қазіргі таңда тұрғын үйлер бұзылуда.  Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы 2024 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттемелер бойынша тоқталып өтейік.

Жоба құны - 382,9 млн. теңгені құрайтын Бесарық елді мекеніндегі спорт кешені құрылысы бойынша келісімшарт құны - 362,5 млн.теңге.

Облыстық бюджет трансферті есебінен 2022-2023 жылдары атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес 285,0 млн. теңге игерілген болатын.

2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға 77,3 млн.теңге бөлініп, 25.0 млн.теңгесі игерілді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі- 95 пайыз. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-ін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 31.01.2024 жылғы №4399-24-00-2а/65 қаулысы негізінде міндет жүктеу және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп танылды.

1) Жоба құны – 263,5 млн. теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (35 га)  қиыршық тас жолының құрылысы бойынша келісімшарт құны- 244,5 млн.теңге болды.  2023 жылы облыстық бюджеттен 147,9 млн. теңге қаржы бөлініп, атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді. Жобаға сәйкес жалпы ұзындығы 4,2 км болатын 6 көшеге қиыршық тас төселді.  2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға ОБ-115,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен жаяу жүргіншілер жолына бордюр қою, құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Орындалған жұмыстардың көлемі – 80 пайыз. Жоба құны – 889,6 млн.теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (100 га) қиыршық тас жолының құрылысы бойынша келісімшарт құны - 832,8 млн.теңге. 2023 жылға облыстық бюджеттен– 200,0 млн.теңге қаржы бөлініп, атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді. Жобаға сәйкес жалпы ұзындығы 15,2 км болатын 22 көшеге қиыршық тас төселді. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға ОБ- 689,6 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Сырдария ауданы әкімінің 09.04.2024 жылғы №96 қаулысына сәйкес жаяу жүргіншілер жолының қаржысы – 380,4 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Ақ тоған» ЖШС-мен көшелердегі жол белгілері қойылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Орындалған жұмыстардың көлемі – 95 пайызды құрайды.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жоба құны – 126,3 млн.теңгені құрайтын Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы (35 га) газ тарату желілерінің құрылысы бойынша келісімшарт құны- 110,8 млн.теңге. 2023 жылға облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 11,6 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме Астана Құрылыс Групп» ЖШС-мен атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес игерілді. 2024 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 30,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді.  Қалған РБ- 69,2 млн.теңге қаржысы күтілуде.

2024 жыл жоба құны - 485,9 млн.теңгені құрайтын «Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жобасы бойынша келісімшарт құны- 474,5 млн.теңге. 2024 жылға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен – 57,3 млн.теңге бөлінді. Қалған – 417,2 млн.теңгесі күтілуде.Құрылыс жұмыстарын бастауға 15.04.2024 жылы облыстық бақылау жөніндегі басқармасынан хабарлама алынып, мердігер мекеме «КРЭК» АҚ-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері» бағдарламасы шеңберінде жобалар құны 307,8 млн.теңгені құрайтын 2 жобаға, яғни «Тереңөзек кенті 10 көшелері бойындағы ауыз су құбырлары және көру құдықтарының құрылысы» бойынша келісім  шарттар құны - 283,7 млн.теңге. 2023 жылы 177,6 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жаңарту» ЖШС-мен тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Мердігер мекеме «Жаңарту» ЖШС-мен барлығы 4,8 км ауыз су құбыры, 61 дана су көру құдықтары орнатылды.

2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен 108,4 млн.теңге бөлінді.  Бүгінгі таңда, жаңа су құбырларын ескі су құбырына жалғау, фасондық бөліктерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.  Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жоба құны 178,9 млн. теңгені құрайтын Шаған ауылындағы Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтары құрылысы бойынша келісімшарт құны-165,5 млн.теңге.  2023 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға 124,6 млн.теңге қаржы бөлініп мердігер мекеме «Алтын Айдарлы» ЖШС-мен 3073 метрге су құбыры жүргізілді. 40 су құбырын көру құдықтары орнатылды. Бөлінген қаржы игерілді. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға РБ-50,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, жоба құны - 80,5 млн.теңгені құрайтын Аманкелді елді мекені Ж.Құлымбетов, А.Ақайдаров, А.Жанкин көшелері бойындағы ауыз су құбырлары мен көру құдықтары құрылысы бойынша келісімшарт құны -73,2 млн.теңгені құрады. 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 59,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржысы 17,7 млн.теңгесі күтілуде. Ауыз су құбырының ұзындығы 1971 метр. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «СК Орда-Құрылыс» ЖШС-мен құрылыс материалдары әкелінуде.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша да, ауданда жұмыс жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 495,2 млн.теңгені құрайтын «Тереңөзек кентінде ҚТҚ полигонын салу. Түзету» құрылысы бойынша келісімшарт құны -464,9 млн.теңге. 2024 жылға облыстық бюджет қаражаты есебінен  -  475, 5 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-мен жер түзету жұмыстары жүргізілді. Алдын-ала төлем (аванс) беруге облыстық табиғи ресурстар басқармасына хат жолданды. Мамыр айында төлем жүргізуге жұмыстар жасалынатын болады.

Тереңөзек кентінде «Руханият» орталығының құрылысы басталды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы жоба құны – 1 млрд. 411 млн.теңгені құрайтын Тереңөзек кенті Н.Бердіқұлов көшесі бойынан «Руханият» орталығының құрылысы» жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстарын бастауға ағымдағы жылдың 29 наурызында хабарлама алынып, бүгінгі таңда іргетасын қалау, бетон бағаналарын құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Аманкелді елді мекені дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асуда.

Тапсырыс беруші Сырдария аудандық ауруханасы арқылы жоба құны 91,2 млн.теңгені құрайтын Аманкелді елді мекені дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында басталды. Игерілген қаржы көлемі 22,8 млн.теңге. Мердігер мекеме «Пульс» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. 

Тағы да оқыңыз: